Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy

Біз туралы

Құрметті достар!

Сіздерді посткеңестік кеңістіктегі алғашқы «Жасыл Академия» сайтын қарауға шақырамыз.
Біздің Академияның мақсаты – Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуін ақпараттық қолдау және шешім қабылдайтын тұлғалардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлері, ҮЕҰ және елдің орнықты дамуға ілгерілеуіне өз үлесін қосқысы келетін адамдардың білім әлеуетінің өсуіне жәрдемдесу болып табылады. Біздің Академияның одан әрі дамуы мен «жасыл» экономиканы ілгерілету үшін Сіздердің сұрақтарыңыз бен тілектеріңіз септігін тигізеді деп сенеміз.

 

 Сіздерді біздің сайттың беттерінде күтеміз!

 Директор
«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры, 
профессор, э.ғ.д., 
Есекина Бахыт Камалбекқызы

 

Миссия

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, бизнес-сектор, азаматтық қоғамның «жасыл экономика» саласындағы білім әлеуетін арттыру және Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу Тұжырымдамасын жүзеге асыру үрдісіне ғылыми-аналитикалық қолдау жасау.

 

Қызмет бағыты

- мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, бизнес құрылымдардың өкілдеріне «жасыл» экономика, «жасыл» бизнес, LEED/BREEAM халыкаралык стандарттары, парниктік газдарды анықтау, верификациялау және көміртек саудасына қатысу, экомаркетинг және басқа да салалар бойынша семинар-тренингтерді ұйымдастыру;

- «жасыл» экономика бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және зерттеу жобаларды іске асыру;

- G-Global алаңында оn-line лекциялар, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;

- «жасыл идеялар» банкін құрастыру және «жасыл» жобалардың экспертизаны өткізу;

- «жасыл» экономика мен «жасыл» бизнес бағыттары бойынша халықаралық конференциялар, форумдар, симпозиумдар және Астана экономикалық форумының панельдік сессия ұйымдастырып, өткізу;

- қоршаған ортаны қорғау саласында консалтинг.

 

Intecracy Group