Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Дүйсенбі, 29 Желтоқсан 2014 10:41

VII АЭФ қатысушылары «жасыл» принциптерді дамытуға шақырды

VII АЭФ қатысушылары «жасыл» принциптерді дамытуға шақырды. Бұл туралы бүгін VII АЭФ аясында өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ көшпелі брифингі барысында «Жасыл академия» жобасы – NESDCA президенті Бақыт Есекина мәлімдеді.

«Smart green» панельдік сессиясындағы талқылаулар барысында біз бірақатар ұсыныстар пакетін қабылдадық. Олар жалпы алғанда VII Астана экономикалық форумына қатысушы мемлекеттер үкіметтеріне арналған «жасыл» принциптерді алға тарту мен қолдау саласындағы мемлекеттік қолдау, құрылымдық реформалар жүргізуге үндеу болып табылады», - дейді Б.Есекина.

«Сонымен қатар, бұл үндеу әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа климат өзгеруінің әсерін зерттеуге бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, ұлттық статистика жүйесінде «жасыл» қорғаныс тәсілдерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ қайта жаңартылатын энергетика, жасыл инфрақұрылымды дамытудағы жасыл инвестицияларды ынталандыру мен қаржыландыру механизмдерін әзірлеу, квоталарды сату ұлттық жүйесін құрудағы инвестицияларды тартуға жағдай жасауға бағытталады. Сонымен қатар, көмірсутектік нарық пен экологиялық қорды құруды да қарастырады», - деп толықтырды NESDCA президенті өз сөзін.

 

http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=271748

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group