Бүгін «Жасыл экономика» ғылыми білім беру орталығы үкіметтік емес ұйымы және Энергетика министрлігі ІІ Тау-кен өнеркәсіптік форумын өткізді.
Онда әлемдік тау-кен конгресінің өкілдері мен осы салаға маманданған ғалымдар қоршаған ортаға улы газдарды таратпаудың тетіктерін талқылады.
Форум ертең де жалғасады.
Оның нәтижесі бойынша, ТМД елдері үкіметтеріне пайдалы қазбаларды өндіруде зиянды барынша төмендетуге бағытталған ұсынымдар әзірленеді.
Бақыт Есекина «Жасыл академия» ғылыми білім беру орталығының директоры, профессор:
Біздің орталықтың құрылғанына бір жыл енді толады. Бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бастамасымен құрылған. Біз осы уақыт аралығында 500-ден астам мемлекеттік орган басшылары мен ұлттық компания өкілдерін «жасыл экономика» бағытында оқытып, сертификат тапсырдық.