Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жұма, 17 Наурыз 2017 11:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУЫНА КӨШУ СТРАТЕГИЯСЫ: ӘЛЕУЕТІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ТЕТІКТЕРІ

ҚР БҒМ Экономика институты «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы мен «Самрұқ-Энерго» АҚ-мен бірлесіп, WSEC-2017 Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлер конгресін даярлау шеңберінде 2017 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға үлес ретiнде белгілі қазақстандық ғалым-экономистер әзірлеген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУЫНА КӨШУ СТРАТЕГИЯСЫ: ӘЛЕУЕТІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ТЕТІКТЕРІ» кітабының тұсаукесерін өткізу.

Дөңгелек үстелге орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтардың, ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Дөңгелек үстел нәтижесінде WSEC-2017-ні дайындау және Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін ұсынымдар жасалады.

Дөңгелек үстелдің өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ғылым Ордасы, 3-ші қаббат, Дөнгелек үстел залы.

Өтетін күні мен уақыты: 7 сәуір 2017 ж., 14.30 сағ.

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293- Шынара Омар,  info@green-academy.kz;

+7 (727) 3003217- Шолпан Туебекова, ieconom@gmail.com

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group