Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Сәрсенбі, 31 Мамыр 2017 09:15

WSEC-2017 Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлерконгресінің аясында «Төмен көміртекті дамудың инновациялары, инвестициялары және технологиялары: ЖЭК және шығарындылар саудалау жүйесі» тақырыбына секция ұйымдастырады.

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Энергетика министрлігі, Халықаралық ғылыми-технологиялық орталығы (ISTC) және «ERG» Еуразиялық тобымен бірлесіп, 2017 жылдың 19 маусымында ЭКСПО-2017 алаңында WSEC-2017 Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлерконгресінің аясында «Төмен көміртекті дамудың инновациялары, инвестициялары және технологиялары: ЖЭК және шығарындылар саудалау жүйесі» тақырыбына секция ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты - жаһандық және ұлттық деңгейде төмен көміртекті даму трендтерін талқылау, оның ішінде «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын ілгерілету тұрғыда .

Секцияның модераторлары ретінде БҰҰ Бас хатшысының жанындағы Су және табиғи апаттар бойынша жоғары деңгейдегі көшбасшылар мен сарапшылар Тобы төрағасының кеңесшісі, 2007 Нобель сыйлығының лауреаты Рэй Квон Чунг және «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңесінің мүшесі, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина болады.

Баяндамалар мен презентация жасайтындар: белгілі американдық экономист, қоғам қайраткері, саяси кеңесші Джереми Рифкин (онлайн-конференция түрінде), ММУ табиғатты пайдалану экономикасы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор, РЖҒА академигі С.Н. Бобылев, Дүниежүзілік инженерлер ұйымдары федерациясының энергетика жөніндегі вице-президенті (США) Самуэль И. Гроссман және Германия, Жапония, Қытай, Ресей, Канада, Португалия, Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары, сарапшылары және инженерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және т.б. Қатысушылар ретінде, сондай-ақ, «Болашақ энергиясы» халықаралық старт-ап жобалар конкурсының жеңімпаздары шақырылды.

Секция аясында белгілі қазақстандық ғалымдардың дайындаған «Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайында төмен көміртекті дамуына көшу стратегиясы: әлеуеті, басымдықтары мен тетіктері» кітабының тұсаукесері өтеді.

Секцияның нәтижелері бойынша жаһандық және ұлттық деңгейлерде төмен көміртекті дамуға көшудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін ұсыныстар қабылданады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Конгресс орталығы, 2 қабат, № 4-б кіші залы.

Күні және уақыты: 19 маусым, 2017 ж., 14.30-18.00 сағ.

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294,

info@green-аcademy.kz

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group