Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Бейсенбі, 15 Маусым 2017 10:59

«Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасын Париж келісімін іске асыру үшін ілгерілету» тақырыбына халықаралық конференция.

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп және Future Energy Forum-ның қолдауымен ағымдағы жылдың 29-30 маусымында Астана қ. ЭКСПО-2017 Халықаралық көрменің алаңында «Болашақ энергиясы» Форумының аясында «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасын Париж келісімін іске асыру үшін ілгерілету» тақырыбына халықаралық конференция ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған жаһандық экологиялық бастама - «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі - ЖКСБ) 2012 жылы «Рио + 20» тұрақты даму бойынша БҰҰ Конференциясының қорытынды құжатына енген.

Конференцияға ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың, бірқатар дипломатиялық миссиялардың, ЕҚЫҰ, БҰҰ ДБ басшылары, ЭСКАТО, ЮНЕП, ЮСАИД, ҮТДК сарапшылары, Ресей, Латвия, Польша, Португалия ғалымдары мен сарапшылары, бизнес қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Конференция қорытындысы бойынша ЖКСБ және Париж климаттық келісімді жаһандық және ұлттық деңгейлерде жүзеге асыру максатында іс-қимылдар бойынша ұсыныстар қабылданады..

Өтетін орны: Астана қаласы, Конгресс орталығы, зал 1&4а..

Күні және уақыты: а.ж., 29 маусым, 14.30-18.00 сағ. а.ж., 30 маусым, 14.00-16.30 сағ..

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294, info@green-аcademy.kz

 

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group