Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жұма, 04 Тамыз 2017 05:36

«Төмен көміртекті дамуға көшу үшін институционалдық және экономикалық тетіктері» тақырыбындағы конференция

Ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде Астана қ. ЭКСПО-2017 Халықаралық көрменің/Future Energy Forum-ның «БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ ЖАСАУДА» атты қорытынды шарасы өтеді. Онда Future Energy Forum EXPO-2017 Манифесті қабылданады. Шараның аясында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы «Төмен көміртекті дамуға көшу үшін институционалдық және экономикалық тетіктері» тақырыбына конференция ұйымдастырады.

Конференцияда жаһандық және ұлттық деңгейлерде «жасыл»  энергетиканы ілгерілету және төмен көміртекті дамуға көшу үшін саяси-экономикалық және институционалдық тетіктері талқыланады.

Спикерлер ретінде 1998-2006 жж. UNEP Атқарушы директоры, Тұрақтылықты тереңдетіп зерттеу институтының директоры Клаус Топфер, Еуропа климаттық қорының атқарушы директоры Лоран Тубиана, БҰҰ Климаттық технологиялар орталығы және Жүйесінің (CTCN) жүйе жұмысы және әлеуетті арттыру бойынша менеджері Раджив Гарг, Масдар ғылым және технологиялар институтының проректоры (ОАЕ) Бехжат аль-Юсуф, WWF-Ресей «Жасыл экономика» бағдарламасының директоры Михаил Бабенко, IDDR көміртексіздендіру жобалары бойынша сарапшысы Генри Вайсман және т.б., сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдары, бизнес компанияларының басшылары, ғалымдар мен сарапшылар шақырылды.

Конференция қорытындысы бойынша Future Energy Forum EXPO-2017 Манифестіне енгізу үшін ұсыныстар қабылданады.

Конференцияға саясаткерлер, ғалымдар, сарапшылар, бизнес компанияларды қатысуға шақырамыз. Тіркеу - 30.08.2017 ж. дейін.

Тіркелу Future Energy Forum сайтында болады: http://www.futurenerfuforum.org.

  

 Өтетін орны: Астана қаласы, Конгресс орталығы,зал № 2

 Күні және уақыты: а.ж.4-5 қыркүйегі

 Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294,

 info@green-аcademy.kz

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group