Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 19:21

«Су ресурстарын біріктіріп басқаруды енгізу (СРББ)»

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы БҰҰ қоршаған орта жөніндегі

Бағдарламасының (UN Environment-DHI Centre on Water and Environment) су және

қоршаған орта мәселелері жөніндегі DHI-орталығымен және Ғаламдық Су Серіктестігімен

(GWP) бірлесе отырып 2017 жылдың 21 қыркүйегінде «ОДМ-6.5.1 «Су ресурстарын

біріктіріп басқаруды енгізу (СРББ)» бойынша мүдделі тараптардың ұлттық

семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасында Орнықты Даму

Мақсаттарының (ОДМ) 6.5.1-көрсеткішін жүзеге асыру мәселелерін талқылау болып

табылады.

Белгілі болғандай, 2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясында кейінгі 15

жылда дамуды ынталандыруға бағытталған 2030-Даму Бағдарламасы қабылданған

болатын. Ғаламдық Су Серіктестігінің 2016-2019 жылдарға арналған іс-әрекеттер

бағдарламасы сумен байланысты Орнықты Даму Мақсаттарына жету үшін, оның ішінде,

су ресурстарын біріктіріп басқару бойынша 6.5-мақсатына жету үшін, елдерге қолдау

көрсетуге бағытталған. Бұл мәнмәтінде, GWP өзінің бірегей серіктестік тәжірибесін

елдерге 2030-Даму Бағдарламасын жүзеге асыруға көмек көрсету үшін қолданады.

Семинарға ҚР СІМ, ҚР АШМ, ҚР ЭМ, БҰҰДМ, БҰҰ ҚОБ, ӨЭО, ХАСҚ жауапты

тұлғалары, ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ шақырылады.

Семинар қорытындылары бойынша ұлттық деңгейде СРББ әзірлеу және енгізу

үшін келесі қадамдар және 6.5.1-мақсатын мониторингілеу бойынша ұсыныстар

әзірленеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, БЦ «Санкт-Петербург», 14 этаж, конференц-зал

Күні және уақыты: а.ж., 21 қыркүйек, 10.00-18.00 сағ.

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294,

info@green-аcademy.kz

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group