Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жұма, 03 Қараша 2017 08:43

"Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-қимыл жоспары және төмен көміртекті дамуға көшу"

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстандағы Конрад Аденауэр Қорының Өкілдігі және ERG қолдауымен "Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-қимыл жоспары және төмен көміртекті дамуға көшу" тақырыбына сараптамалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты — сараптамалық алаңда ЖКСБ жағдайын талқылау және оны Париж климаттық келісімі аясында одан әрі іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеу.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын 2012 жылы өткен Орнықты даму бойынша Дүниежүзілік Саммитінде Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағы 120-дан астам елдің мемлекет және үкімет басшылары мақұлдады және ол алғашқы рет Біріккен Ұлттар Ұйымының қорытынды Декларациясына өңірлік бастама ретінде енді. Бұдан кейінгі жылдары ЖКСБ ЭСКАТО, БҰҰ ЕЭК, ЕурАзЭҚ өңірлік министрлер конференцияларында және т.б. қолдау тапты. Дегенмен, ЖКСБ мен Париж климаттық келісімін практикалық тұрғыда іске асыру үшін сараптамалық көмек қажет, оның ішінде мемлекеттік органдардың, халықаралық және ұлттық ұйымдардың, ғылым, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Alanda» отелі, конференц-зал

Күні және уақыты: а.ж., 24 қараша, 10.00-17.00 сағ.

Қатысуға тіркеу а.ж. 20 қарашасына дейін.

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294,

моб +87015218437 — Кененбаева Дидарa

info@green-аcademy.kz

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group