Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 03:34

«Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуінің келешегі және тетіктері»

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Астана қаласы Әкімдігімен бірлесіп, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен «Kaukointernational Central Asia» компаниясының (Финляндия) қолдауымен 2018 жылғы 12 қаңтарда «Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуінің келешегі және тетіктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның мақсаты — қалаларды көміртексіздендіру бойынша тиімді халықаралық тәжірибені талқылау және Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясын әзірлеу үшін ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстелге орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, оның ішінде Азия Даму Банкі, Австриялық экологиялық агенттігі, Жоғары экономика мектебі (Ресей Федерациясы), ECP Group Oy (Финляндия), «Термотехника» ЖШҚ (Ресей Федерациясы), отандық бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Іс-шара нәтижесінде Астана қаласының төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша Жұмысшы топ құру үшін ұсыныстар жасалады.

Өтетін орны: Астана қаласы Әкімдігінің конференц-залы, 2-қабат

Күні және уақыты: 2018 ж. 12 қантары, 9.30 сағ.

Қатысуға тіркеу 2018 ж. 10 қантарына дейін.

Байланыс: тел. 8 (7172) 277293, 277294

Mob.+77015218437 (Дидар)

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group