Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Сейсенбі, 13 Ақпан 2018 10:20

Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуінің әдіснамасы мен тетіктері

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Астана қаласы Әкімдігімен бірлесіп, Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Өкілдігі мен Азия даму банкінің қолдауымен 2018 жылғы 15 ақпанда «Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуінің әдіснамасы мен тетіктері» тақырыбына семинар өткізеді.

Іс-шараның мақсаты — Париж климаттық келісімі аясында Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясының әдіснамасы мен оны іске асыру тетіктерін әзірлеудің барысы туралы көпшілікті хабардар ету.

Семинарға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар, отандық бизнесбасшылары мен өкілдері, төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша Астана қаласы Әкімдігі Жұмысшы тобының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар мен сарапшылар шақырылады. Баяндамашылар ретінде Жоғарғы экономика мектебі (Ресей Федерациясы),Азия даму банкі, Конрад Аденауэр атындағы қордың, «OCTANTSp.zo.o» АҚ (Польша) сарапшылары және т.б. сөз сөйлейді. Климаттың өзгеруіменкүресу және Париж климаттық келісімін жүзеге асырумақсатында 2050 жылға дейін шығарындыларды 50%-ға төмендетуге бағытталған халықаралық "C40 бастамасы"("C40 Cities Climate Group Leadership«)және 2008 жылдан бері Еуропалық Одақтың «Әкімдер Келісімі» бастамасы (мақсаты — парниктік газдар шығарындыларын 2020 жылға қарай 20%-ға төмендету) жұмыс істеп келеді. 2013 жылы Қазақстанның 9 қаласы, соның ішінде Астана қаласы, осы «Әкімдер Келісіміне» қосылды. Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруіне қарсы күресте негізгі міндеттер ретінде қаланың көміртек әлеуетін бағалауға арналған жаңа құралдарды бейімдеу және климаттық тәуекелдерді азайту бойынша практикалық шараларәзірлеу болып табылады.

Семинардың бағдарламасы С-40 бастамасының әдіснамалық тәсілдерін, қаланың төмен көміртекті стратегиясын әзірлеудің экономикалық құралдарын және blockchain платформасында шығарындыларды бақылау бағыттарын және т.б. талқылауды қарастырады.

Іс-шара нәтижесінде Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясын әзірлеубойынша әдіснамасын негіздеу үшін ұсыныстаржасалады.

Өтетін орны: Астана қаласы, «RIXOS» отелі, «Шаңырак» залы

Күні және уақыты: 2018 ж. 15 ақпаны, 09.30-13.00 сағ.

Қатысуға тіркеу — 2018 ж. 14 ақпанға дейін.

Байланыс: тел. 8 (7172) 277293, 277294

Mob.+77015218437 (Дидар)

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group