Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жексенбі, 11 Наурыз 2018 11:00

Өндірісті цифрландыру: энергия тұтынуды мониторингілеу үшін АСУ және blockchain

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Ұлттық Тау-кен академиясымен (ҰТКА) бірлесіп, «Astana Innovations» АҚ-ның қолдауымен 2018 жылғы 16-17 наурызда «Өндірісті цифрландыру: энергия тұтынуды мониторингілеу үшін АСУ және blockchain» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.

Іс-шараның мақсаты — өндірісті цифрландыру тәсілдерін зерттеу және Париж климаттық келісіміне байланысты ұлттық міндеттемелер шеңберінде энергияны тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін blockchain платформасын пайдалану.

Семинар-тренингке Қазақстанның тау-кен және энергетика компаниялары мен кәсіпорындарының басшылары мен мамандары шақырылады.

Спикерлер ретінде Жоғары экономика мектебі (Ресей), ҚР Ұлттық Тау-кен академиясы, Финтех Акселератор (Ресей) сарапшылары және басқалар сөз сөйлейді.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Париж климаттық келісімін жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ Елбасы Н. Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мақсатында 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия тиімділігін 30% -ға төмендету және елдік шығарындыларды 15-25% азайту мақсаттары белгіленген болатын. Сарапшылардың пікірі бойынша, осы проблемаларды шешу үшін қазақстандық кәсіпорындар цифрландыру әдістерін пайдалана отырып, энергия тиімділігін арттыру және шығарындылар мен қалдықтарды азайтуға бағытталған жүйелік шараларды қамтитын төмен көміртекті дамуға көшудің кешенді корпоративтік стратегияларын әзірлеу керек.

Осыған орай, семинар-тренингтің бағдарламасы энергия тиімділігін арттыру үшін тау-кен-металлургия және энергетика кәсіпорындарын автоматтандырудың әдіснамалық тәсілдерін және осы мақсатта blockchain технологиясын практикалық тұрғыда пайдалануды талқылауды қарастырады.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Дипломат» отелі, конференц-зал

Күні және уақыты: 16 наурыз, 09.30-17.00 сағ.

17 наурыз, 10.00-17.00 сағ.

Қатысуға тіркеу — 2018 ж. 15 наурыз сағ. 12.00-ге дейін.

Байланыс: тел. 8 (7172) 277293, 277294, 277295

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group