Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 07:31

Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері

ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, АХҚО-ның халықаралық Жасыл Өрлеу Форумы аясында 2018 жылғы3-ші шілдеде"Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері" тақырыбына панельдік сессия ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасында геотермалдық энергия көздерін дамытудың жай-күйі мен болашағын алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдардың қатысуымен сараптамалық талқылау.

Сессияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Директоры Бахыт Есекина жүргізеді.

Сессияға ҚР Энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев пен Қазақстан Республикасындағы Францияның Елшісі Филипп Мартин мырза қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.

Спикерлер ретінде KAZENERGY атқарушы директоры Талғат Қарашев,Arctic Green Corporation (Исландия) компаниясының бас директоры Сигстейн Грэторсон,USAID-тың «Болашақ энергиясы» жобасының өкілі Олег Рясков, Гидрометеорология жөніндегі директордың орынбасары, Камчатка (Ресей Федерациясы) геотермиялық маманы Сергей Спектор, ҚР ИДМ Гидолгеология және гидрофизика институтының директоры Мәлік Әбсәметов және басқалар сөз сөйлейді.

Іс-шараныңқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Дүниежүзілік банкпен бірге геотермалдық энергия саласында зерттеулер жүргізу және Геотермалдық энергетика бойынша сарапшылар қауымдастығын құру туралы ұсыныстар енгізу күтіледі.

Өткізу орны: Астана қ., Хилтон Астана, «Женева» залы

Өтетін күні мен уақыты: а.ж. 3 шілде, сағ. 11.30-13.00.

Байланыс: ҚР Энергетика министрлігі: +7 (7172) 741474

«Жасыл Академия» ҒБО: +7 (7172) 277293, 277294, 277295

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group