Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Бейсенбі, 25 Қазан 2018 12:44

Қазақстан Республикасындағы геотермалдық энергетиканың келешегі және даму әлеуеті

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Энергетика министрлігі мен «KAZЕNERGY» Қауымдастығымен бірлесіп, 2018 жылғы
5 қазанда «Қазақстан Республикасындағы геотермалдық энергетиканың келешегі және даму әлеуеті» тақырыбында Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) 27- отырысын өткізді.

Кеңестің жұмысын «KAZЕNERGY» Қауымдастығының бірінші вице-президенті Ұзақпай Қарабалин және ҚР ЭМ климаттың өзгеруі департаментінің директоры Олжас Ағабеков алғы сөзбен ашты.

ҒТК-да «Arctic Green Energy Corporation» (Исландия) компаниясының ғылыми зерттеулер және өңдеу бойынша аға кеңесшісі Палл Валдимарссон мырза, Дүниежүзілік Банктың ҚР-дағы Өкілдігінің энергетика бойыншы бас маманы Мицунори Мотохаши мырза, У.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология Институтының Директоры
Др. Мәлис Абсаметов, «Жасыл Академия» ҒБО Директоры
Др. Бақыт Есекина баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға, Португалия Елшісі Аделину Да Сильва және «KAZЕNERGY» төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов, ҒТК мүшесі Балтабек Қуандықов және басқалар қатысты.

ҒТК отырысына ҚР ЭМ ЖЭК департаменті, сондай-ақ ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті, Азия даму банкі, БҰҰ ЕЭК, АҚШ Елшілігі, КИНГ, мұнай және энергетика саласындағы компаниялар өкілдері қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар және 2018-2019 жж. арналған геотермалды энергия көздері саласында ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізу жөнінде жол картасының жобасы қабылданды.

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group