Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 13:33

Жасыл өсу көрсеткіштерін әзірлеу және ҚР-дың жасыл өсуі жөніндегі Ұлттық есепті дайындау

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, ҚР Ұлттық экономика

министрлігінің Статистика комитеті, Сауда саясатын дамыту ортылығы және

ЭЫДҰ-мен бірлесіп, үстіміздегі жылғы 29 қарашада Астана қаласында

«Жасыл өсу көрсеткіштерін әзірлеу және ҚР-дың жасыл өсуі жөніндегі

Ұлттық есепті дайындау» тақырыбына арналған ведомствоаралық Жұмыс

тобының (ВЖТ) бірінші отырысын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты — жасыл өсу көрсеткіштерін ұлттық статистикаға

енгізу келешегін талқылау.

ЭЫДҰ — Қазақстан (2018-2019 жж.) ынтымақтастығы бағдарламасының

аясында, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті «Жасыл өсу көрсеткіштерін әзірлеу

және ҚР-дың жасыл өсуі жөніндегі Ұлттық есепті дайындау» жобасын

жүзеге асыруда. Аталған жоба тұрақты есептілік жүйесіне жасыл өсу

өлшемдерін енгізу бойынша Қазақстанға қолғабыс көрсетуге және «жасыл

экономикаға» көшу жөніндегі Концепцияның іске асырылуын бағалауға

бағытталған.

ВЖТ отырысында ЭЫДҰ Қоршаған орта бойынша Директораты, «жасыл

экономика» көрсеткіштері бойынша ведомствоаралық Жұмыс тобының

мүшелері, ҚР ЭМ, ҚР ИДМ, ҚР АШМ, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті және

басқа мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысады.

Талқылау қорытындысы бойынша, ҚР статистика жүйесіне

көрсеткіштерді одан ары енгізу және жасыл өсу бойынша ұлттық есепті

дайындауға қатысты ұсыныстар қабылдау жоспарлануда.

***

Өткізу орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 4 кіреберіс

Өтетін күні мен уақыты: 29 қараша, сағ. 10.00-13.00.

Байланыс: +7 (7172) 749311, 749778 — Әсел Жартыбаева

+7(7172)277293, 277294 — Индира Жайсанбек

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Intecracy Group Vladislav Namestnikov Authentic Jersey