Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy

Есептер

Ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде Астана қ. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің/ Болашақ Энергия форумының  «БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУДА» атты қорытынды шарасы өтті. Онда ЭКСПО-2017 Манифесті қабылданды.

 

Шараның аясында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР БҒМ ҒК-мен және «Самрұқ-Энерго» АҚ-мен бірлесіп, «Төмен көміртекті дамуға көшудің институционалдық және экономикалық тетіктері» тақырыбына сессия ұйымдастырды. Сессияның модераторлары ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бақыт Есекина және «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасының кеңесшісі Мақсат Түзелбаев болды.

 

Сессияны ашу рәсімінде құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен, Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративті Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Samruk Green Energy» ЖШС-нің бас директоры, э.ғ.д. Жомарт Момынбаев.

 

Сессияда жаһандық және ұлттық деңгейде «жасыл» энергетиканы ілгерілету және төмен көміртекті дамуға көшудің саяси-экономикалық және институционалдық тетіктері, атап айтқанда, БАӘ-де «жасыл» энергетиканы ілгерілету (Масдар ғылым және технологиялар институтының проректоры Бехжат аль-Юсуф) және Германияны көміртексіздендіру болашағы (Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Өкілдігінің директоры Томас Хельм), Ресей Федерациясының төмен көміртекті даму стратегиясының басымдықтары мен құралдары (WWF Климат және энергетика бойынша бағдарламасының директоры Алексей Кокорин), дамыған елдердегі (IDDR көміртексіздендіру жобалары бойынша сарапшысы Генри Вайсман) және Орталық Азия елдеріндегі (РФ Жоғары экономика мектебінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов) терең көміртексіздендіру жобалары, «жасыл» технологиялар трансферттеу үшін CTCN мүмкіндіктері (ЮНЕП Субаумақтық Офисының басшысы Наталья Алексеева), таза көмір технологиялары бойынша Еуропалық Одақтағы бастамалар мен жетістіктер (ЕО-ның отын элементтері және сутекті бірлесіп байыту Ғылыми комитетінің төрағасы Эден Мамут, Румыния) талқыланды.

 

Талқылауға мемлекеттік органдар, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің кеңсе ғимараттарының дирекциясы, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Карачаганак Петролеум» АҚ, BI-Group компаниясының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, ЭКСПО-2017- ге қатысқан елдердің ҮЕҰ қатысты.

 

Сессия шеңберінде 5 қыркүйекте ҚР Президенті Істері жөніндегі Басқармасының «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің кеңсе ғимараттарының дирекциясы» РМК қызметкерлері, бизнес компаниялардың өкілдері үшін «Термотехника» ЖШҚ-мен (РФ) серіктестікте компанияның зерттеу және даму бойынша директоры В.Л. Кимнің басшылығымен «Ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін SMART технологиялар» тақырыбына тренинг ұйымдастырылды.

 

Тренингке қатысушылар энергия үнемдеу және инжинирингтің «жасыл» технологияларын ілгерілету, сондай-ақ инфрақұрылымдық экожобалар жасау саласындағы жаңа ресейлік және еуропалық жетістіктермен танысты.

 

Сессия қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 Манифестіне енгізу үшін ұсыныстар қабылданды.

Read more...

Ағымдағы жылдың 29-30 маусымында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрменің алаңында «Болашақ энергиясы» Форумының аясында «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасын Париж келісімін іске асыру үшін ілгерілету» атты халықаралық конференция өтті. Конференция «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері бойынша Комитеті және ҚР Ғылым және білім министрлігімен бірлесіп, Future Energy Forum-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Конференция модераторы ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бахыт Есекина болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың жаһандық экологиялық бастамасы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі - ЖКСБ) бағыттарының бірі - климаттың өзгеруін тежеу үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту болып табылады. Осыған байланысты, конференция қатысушылары - ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Тәжікстан, Латвия, Польша, Португалия ғалымдары мен сарапшылары, бизнес-қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері - төмен көміртекті даму және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі - ЖКСБ) мен Париж климаттық келісімін іске асыру мәселелерін талқылады.

Конференцияның бірінші күнін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану жөніндегі Комитеттің мүшесі, депутат Бақытгүл Хаменова және Қазақстан Республикасындағы Германия Елшілігінің хатшысы, экономика бөлімінің басшысы Йонатан Вайнберг құттықтау сөзбен ашты. Конференцияда, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану жөніндегі Комитеттің мүшесі, депутат Мұрат  Бопазов сөз сөйледі.

 Конференция спикерлері «жасыл экономикаға» көшуде ЖКСБ-ның рөлі  (ЖКСБ әзірлеу бойынша Жұмысшы тобының жетекшісі Болат Есекин), Ресейде Париж Келісімін іске асыру тәжірибесі туралы (Жоғары экономика мектебінің Қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов), ЕАЭҚ елдерінің тәжірибесі туралы (ҚР БҒМ ҒК Экономика  институты директорының орынбасары Наиля Нұрланова), Польшадағы көміртек саудалау тетіктері («ОCTANT Sp.zo.o» АҚ басшысы Павел Виктор) және Латвиядағы төмен көміртекті даму жобалары жайлы (Латвия Биогаз Ассоциациясының Басқарма Төрағасы, Латвия жаңартылатын энергия көздері федерациясының Басқарма мүшесі Андис Карклиньш), ЖКСБ-ны ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы («Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» Халықаралық ұйымы» ЗТҚ басшысы Людмила Шабанова) презентациялар жасады. Бірінші күннің бағдарламасы LNEC (Португалия) өкілдері Дана Ғалиева мен Педро Х. Мартинс ұйымдастырған құрылыстың «жасыл» стандарттары бойынша тренингпен аяқталды.

Екінші күннің бағдарламасын Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен ашты. Қатысушылар ШСЖ-ны дамыту, көміртек ізін бағалау, Жасыл климаттық қаржыландыру және төменкөміртекті даму саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, энергия тиімділігін арттыру және су секторын жаңғырту, Астана қаласының мысалында инновациялар енгізу мәселелерін талқылады. Баяндамашылар болғанжар: «Жасыл даму» АҚ-ның ұлттық шығарындылар жүйесін реттеу департаментінің директоры Ботагөз Ахметова, тұрақты даму жөніндегі халықаралық сарапшы (Польша) Юстина Высоцка-Голец, Тәжікстанда климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша Пилоттық бағдарламасы Хатшылығының техникалық кеңесшісі, Жасыл климаттық қордың Хатшылығының мүшесі Анвар Хомидов, USAID-тің климаттың өзгеруін тежеу бойынша қазақстандық бағдарламасының жетекшісі Алексей Санковский, «Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әлімғазин, «Sublemerito» АҚ басшысы, Қазақстанда LNEC өкілі (Португалия) Педро Х. Мартинс, «Аstana Innovations» АҚ қалалық технологияларды енгізу департаментінің директоры Бақытжан Уәлихан, Schlumberger/КазМунайГаз «KAZMI» БМ ЖШС директорының бизнесті дамыту бойынша орынбасары Берік Жаңқұбаев. Баяндамаларды талқылауды ҚР БҒМ Департамент директоры Рашиддин Көкенов қорытындылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша Форум манифестіне қосу үшін жаһандық және ұлттық деңгейлерде Париж климаттық келісімін және ЖКСБ-ны іске асыру үшін ұсынымдар қабылданды.

Read more...

2017 жылдың 19 маусымында Астана қ. «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Энергетика министрлігі ISTC мен ERG қолдауымен ЭКСПО-2017 алаңында WSEC-2017 Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлер конгресінің аясында «Төмен көміртекті дамудың инновациялары, инвестициялары және  технологиялары: ЖЭК және шығарындылар саудалау жүйесі» тақырыбына сессия ұйымдастырылды.

Іс-шара жаһандық және ұлттық деңгейде төмен көміртекті даму трендтерін талқылау мақсатында, оның ішінде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету тұрғысында өткізілді.

Сеccияның модераторлары ретінде 2007 жылғы климат бойынша Нобель сыйлығының лауреаты д-р Рэй Квон Чунг және «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңесінің мүшесі, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина болаы.

Сессия шеңберінде осы сала бойынша баяндамалар мен презентация жасағандар: ММУ табиғатты пайдалану экономикасы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор, РЖҒА академигі С.Н. Бобылев, ISTC аға жоба менеджері д-р Акира Наканиши, LNEC департаментінің директоры (Португалия) Жорж Грандао Лопес, DIWecon менеджері д-р Петра Опитц (Германия), Оңтүстік-Шығыс университеті Энергетика және қоршаған ортаны қорғау Инженерлік мектебінің термалды энергия бойынша профессоры Пейхонг Вонг (ҚХР), Дүниежүзілік инженерлер ұйымдары федерациясының энергетика жөніндегі вице-президенті Самуэль Гроссман (США), Minas Energy өнімдер әзірлеу жөніндегі директоры Крис МакЛиллан (Канада), т.ғ.д., Әлем және Азия инновациялық бизнес-жобалар конкурстарының лауреаты, EcoWatt ЖШС М.Н. Қамбаров (Қазақстан) және басқалар. Талқылауға «Болашақ энергиясы» халықаралық старт-ап жобалар конкурсының жеңімпаздары қатысты.

            Сессия аясында белгілі қазақстандық ғалымдардың дайындаған «Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайында төмен көміртекті дамуына көшу стратегиясы: әлеуеті, басымдықтары мен тетіктері» кітабының тұсаукесері өткізілді.

            Сеccияның нәтижелері бойынша жаһандық және ұлттық деңгейлерде төмен көміртекті дамуға көшудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін ұсыныстар қабылданды.

Өтетін орны: Астана қаласы, Конгресс орталығы, 2 қабат, № 4-б кіші залы.

Күні және уақыты: 19 маусым, 2017 ж., 14.30-18.00 сағ.

Аккредиттеу: а.ж. 16 маусымы, сағ. 18.00-ге дейін.

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294,

                      info@green-аcademy.kz

Read more...

         2017 жылдың 7 сәуірінде Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық  ғылым академиясында WSEC-2017 Бүкіләлемдік инженерлер мен ғалымдардың конгресіне (ЭКСПО-2017 ресми іс-шарасы) дайындық барысы шеңберінде «Инновациялық және төмен көміртекті технологиялар - «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының басымды бағыттары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР БҒМ Экономика институтымен бірлесіп, «Самұрық-Энерго» АҚ және және Еуразиялық Топ (ERG)  қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Read more...

2017 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында ҚР энергетика министрлігі және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ-мен бірге «Жасыл Академия» ғылыми-білім орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне көшуін қолдау» жобасы аясында «Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша Хаттаманы құқықтық қолдануы» атты Дөңгелек үстел өтті.

Іс шара «жасыл» экономикаға көшу бойынша Концепциясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына және БҰҰ ЕЭКХаттамасына сәйкес экологиялық бағалаудың ұлттық жүйесін жасаудың және ендірудің нормативті-құқықтық негіздерін талқылау мақсатында өткізілді.

«Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша Хаттаманы құқықтық қолдану» Дөңгелек үстел қатысушылары – ҚР Президент Әкімшілігі өкілдері, ҚР Парламенті, Ауыл шаруышылығы министрлігі қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар (Еуропалық одақ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ), «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazenergy» Ассоциациясы, «Самрук-Энерго» АҚ, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуы министрлігі, Астана қаласы әкімшілігі, «Казахстан Су Арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су тарту кәсіпорындар ассоцияциясы, ҒКБ және де басқа ұйымдар Қазақстанның стратегиялық экологиялық бағалау туралы Хаттама жағдайларын орындаудың заңнамалық аспектілерін талқылады.

Дөңгелек үстел модераторы ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Есекина Б.К. сөз сөйледі. Семинарда алғы сөзді ҚР Энергетика министрлігі халықаралық әріптестік Департаменті директорының орынбасары Бақберген Керей және БҰҰ ЕЭК ЭСПО Конвенциясы Хатшылығы Қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша қызметкері, Елена Сантер сөйледі. Олар өздерінің сөздерінде жоспарларды, бағдарламаларды, ұлттық саясатты және заңнамаларды жасауда және қабылдануда стратегиялық экологиялық бағалаудың маңыздылығы жайлы айтып өтті.

Кең талқылауда Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құру мүмкіндіктері сұрақтары талқыланды, нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігі жанынан Жұмыс тобын құру және СЭБ бойынша Жол картасын жасау шешімі қабылданды.

Дөңгелек үстел ұсыныстарын ҚР Үкіметіне жіберу шешімі қабылданды.

Read more...

2016 жылғы 14 қазанда Астана қ. «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР Энергетика министрлігі бірлесіп, «Қазақстанда СЭБ ұлттық жүйесін құруды қолдау» БҰҰ ЕЭК жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құру» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) туралы, БҰҰ ЕЭК хаттамасы жайлы жұртшылықты хабардар ету, Қазақстан мен ТМД елдерінде СЭБ-ті қолданудың артықшылықтарын талқылау.

Read more...

2016 жылғы 24-25 қазанда Астана қаласында «Қазақстанның «жасыл экономика» үлгісіне көшуін қолдау» ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК біріккен жобасының шеңберінде «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ ЕЭК-тің қолдауымен ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы саясаты» тақырыбына семинар және «Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың институционалдық тетіктері мен нормативтік құқықтық базасын жетілдіру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Read more...

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығыБҰҰ-ның халықаралық Технологиялар орталығы және жүйесінің мүшесі болды. БҰҰ-ның Қоршаған орта бойынша бағдарламасы (ЮНЕП) мен БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму бағдарламасымен (ЮНИДО) бірлесе отырып басқарылатын Технологиялар орталығы және жүйесі, БҰҰ КӨНК Технологиялар механизмінің технологияларды дамыту және тарату бойынша функционалдық құралы болып табылады. Орталық дамушы елдердің төмен көміртекті және климаттың өзгеруіне тұрақты дамуына қажетті экологиялық қауіпсіз технологияларды жедел түрде таратуға ықпал етеді.

Желідегі мүшелік БҰҰ КӨНК Технологиялар механизмі шеңберінде климаттың өзгеруіне байланысты технологияларды пайдаланушылардың жаһандық қоғамдастығына, ұйымдар мен финансистердің қызметтеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Мүшелік артықшылықтары:

- дамушы елдерге CTCN техникалық көмегін көрсету қызметіне конкурстық сауда-саттыққа қол жеткізу;

- әріптестікті кеңейтуге және іс-шаралар мен жаңа практикалар саласында хабардарлықты арттыруға мүмкіндік беретін басшылар мен шешім қабылдайтын ұлттық өкілдердің желісіне қосылу;

- жаһандық танылуды кеңейту және ұйымның тәжірибесі мен табыстарын көрсету, жаңа технологиялық жобаларға және тиісті тәжірибе, іс-шаралар мен есептерді таныстыруға тарту.

Академияның мүшелігін CTCN директоры Юкка Йосукайнен мырзаның 2016 жылғы 15 тамыздағы ресми хатымен растады  (хатқа сілтеме).

 

Read more...

2016 жылдың 4 шілдесінде Астанада Премьер-Министр К.Қ. Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Іс-шараны ҚР Энергетика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің, БҰҰДБ, ЮСАИД, GIZ, Бүкіләлемдік банк, ЕБРР қаржылық және сараптамалық қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығымен әріптестікте ұйымдастырған болатын.

IVмәжілістің күн тәртібіне сәйкес Кеңестің және оның жұмыс топтарының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен кестелері, сондай-ақ жұмыс топтарының құрамы қарастырылып, бекітілді. Бірінші мәселе бойынша ҚР Энергетика министрі К.А. Бозымбаев сөз сөйледі.

Мәжілістің негізгі тақырыбы Париж қаласында 2015 жылдың желтоқсанында климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясында қабылданған, Париж климаттық келісімін іске асыру мәселелерін қарастыруға арналған. ҚР Энергетика министрі К.А. Бозымбаевтың, халықаралық сарапшылар Сафонов Г.В.(ВШЭ РФ), Феликс Кристиан Маттес (Бүкіләлемдік Банк, АҚШ), Ян-Виллем ван де Вен (ЕБРР, Ұлыбритания) және басқалар баяндама жасап, презентациялар ұсынды. Баяндамашылардың пікірінше, Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы декарбонизациялау мен төмен көміртекті дамуға көшу үшін әлеуеті жеткілікті.

Read more...
Page 1 of 5
Intecracy Group