Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жұма, 29 Қаңтар 2016 05:48

ЭЫДҰ кездесу

Осы жылғы 19 қаңтарда «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Қоршаған ортаны қорғау дирекциясының «Жасыл Өсім» және жаһандық қатынастар бөлімінің басшысы Куми Китамори ханым мен Қоршаған орта, табиғи ресурстар және ядролық қауіпсіздік Федералдық министрлігінің (Германия) департамент басшысы Юрген Кайнхорст мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі, экономикалық өсу және әлеуметтік әл-ауқатқа бағытталған саясатты насихаттау және, сондай-ақ, Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Жасыл Өсім декларациясына қосылуы туралы мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бақыт Есекина Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты саясатын жүзеге асыру үшін үкіметтік органдар, ұлттық компаниялар, бизнес секторы мен азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру және ақпараттық қолдау көрсетуді жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Тараптар орнықты дамуға бағытталған үкіметтер үшін ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе мен біліммен алмасуға байланысты диалог алаңын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Intecracy Group