Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жұма, 29 Қаңтар 2016 05:56

Тиісті басқару саласындағы ынтымақтастық арқылы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту

2016 жылғы 25-26 қаңтарда Вена қаласында «Тиісті басқару саласындағы ынтымақтастық арқылы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту» ЕҚЫҰ 24-ші экономико-экологиялық форумына бірінші дайындық кездесуі өтті. Бірінші дайындық кездесуге 60-дан астам елдердің өкілдері қатысты, оның ішінде келесі құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы:

- Есекина Б.К., делегацияның басшысы, "Жасыл Академия" ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор;

- Пірімқұлов А.Ә., ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;

- Құрбанов Н.А., ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары;

- Терешкевич Д.П., "Адам денсаулығы институты" АҚҰ директоры.

Кездесу барысында табиғат қорғау саясаты мен заңнамасы мәселелері, олардың экономика секторларының дамуына әсері, сонымен қатар ресурстар тиімділігі, экологиялық таза технологияларды енгізу мен шығарындыларды басқаруға байланысты мәселелер талқыланды. Панельдік сессияда спикер ретінде Б.К. Есекина "Экономиканы жасылдандыру: халықаралық тәжірибе және Қазақстан" атты презентация жасады. Форум қатысушыларына Қазақстанның жасыл экономика саласындағы ұлттық саясатты іске асырудағы тәжірибесі таныстырылды. Осыған орай келесі ұсынымдар жасалды:

"Жасыл" индикаторлар (ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Евростат және басқалардың) негізінде ұлттық статистика жүйесін жетілдіру;

"Жасыл" қағидаттарды (ЕДҚБ, ЭЫДҰ және т.б.) ескере отырып, жоспарлау және салық салу жүйелерін жаңғырту;

"Жасыл көпір-2016" институтын құру;

БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы негізінде Таза технологиялар халықаралық орталығын құру;

Шешім қабылдайтын тұлғалар, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға байланысты бағдарламаны әзірлеу.

Толық ақпаратт келесі веб-сайтта: http://www.osce.org/event/24th_eef_prep1

Intecracy Group