Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Дүйсенбі, 25 Сәуір 2016 08:05

Климаттық қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктері

2016 ж. 20-22 сәуірінде Астана қ. "Жасыл Академия" Ғылыми-білім беру орталығы мен "Орталық Азияның биік таулы аймақтарында климаттың өзгеруіне бейімделу үшін экожүйелік тәсілдеме (ЭПАИК)" GIZ жобасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған "Климаттық қаржыландыру жобаларына қатысу" тақырыбына семинар-тренинг өтті.

Іс-шара Жасыл климаттық қордың (GCF)қызметі мен климаттық қаржыландыруға қызығушылық танытқан тараптарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 

Семинардың ашылу рәсімінде ҚР Энергетика министрлігінің климаттың өзгеруі жайлы департаментінің директоры Г. Серғазина министрліктің атынан құттықтау сөз сөйлеп, БҰҰ климаттың өзгеруі жайлы Негіздемелік Конвенциясы Тараптарының 21-ші Конференциясының (СОР21) нәтижелері мен ҚР-да климаттық қаржыландыру үшін саяси шеңберлерге байланысты презентация жасады. Семинарда сонымен бірге КӨБЭТ, GIZ жобасының ұлттық үйлестірушісі Д. Ермоленок, іс-шараның модераторы - «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, э.ғ.д., профессор Б. Есекина сөз сөйледі. GCF-ке ұсыныстар (readiness) әзірлеу тәжірибесімен Тәжікстан Республикасы Ұлттық үәкілетті органының өкілі А. Хомидов, БҰҰДБ эксперті С. Сәкенов, «Жасыл Академия» ҒБО аналитикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі А. Мағазова бөлісті.

Тренерлер ретінде GIZ КӨБЭТ жобасының сарапшылары Матиас Моргнер (Германия) және Павел Цинцера (Чехия) шақырылды. Семинардың бірінші сессиясында олар іс-шараның мақсаттары мен міндеттерімен және жалпы Жасыл климаттық қордың (GCF) қызметімен таныстырды.

БҰҰ климаттың өзгеруі жайлы Негіздемелік Конвенциясы (БҰҰ КӨНК) Тараптарының 21-ші Конференциясының шешімі мен Париж климаттық келісіміне сәйкес, Жасыл климаттық қор (GCF), Жаһандық экологиялық қормен (GEF) қатар, БҰҰ климаттың өзгеруі жайлы Негіздемелік Конвенциясының басқарушы қаржы тетігі болып саналады. GCF қоры түрлі қаржылық құралдар арқылы - субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, реттелген борыш, акционерлік капитал, т.б., климаттың өзгеруіне бейімделу және оның әсерін жеңілдету саласындағы дамушы елдердегі жобалар, бағдарламалар мен саясатқа қолдау көрсетеді.

Оқыту бағдарламасы аясында, сонымен қатар, ұлттық уәкілетті орган (NDA) мен ұлттық атқарушы ұйымдардың (NIE) функциялары таныстырылды, климаттық қаржыландыру жобалары мен бағдарламаларына қатысу тетіктерімен, шығарындыларды азайту және төмен көміртекті дамуға көшу саласындағы жобаларды іске асыру жайлы халықаралық және жергілікті тәжірибеге байланысты презентациялар жасалды. Практикалық дәрістерде тренерлер мен сарапшылардың қатысуымен климаттың өзгеру салдарын азайту (митигация) және бейімделу үшін стратегиялық шеңберлері талқыланып, сонымен бірге GCF-ке ұсыныстар әзірлеу үшін потенциалды талаптар мен мүмкіндіктер қарастырылды.

Жалпы, семинар-тренингте мемлекеттік органдар, бизнес компаниялар, ҮЕҰ тарапынан 25 адам оқып шықты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. 

Intecracy Group