Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Бейсенбі, 02 Маусым 2016 08:38

«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ: ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР» IX Астана экономикалық форумы «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, инновациялар мен білім экономикасы»

2016 жылдың 25 мамырында IX Астана экономикалық форумы аясында «Болашақ энергиясы: жаһандық трендтер мен технологиялар» тақырыбына панелдьдік сессия өтті. Сессия ұйымдастырушылары – ҚР Энергетика министрлігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ЕҚЫҰ, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы, ҚР Ұлттық инженерия академиясы, Қазақстан ұлттық жаратылыс ғылымдары академиясы, ҚР ғылыми және технологиялық ұйымдар қауымдастығы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институты, Назарбаев Университеті, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы болды.

 

Әлемде төменкөміртекті дамуға көшуге бағытталған «жасыл» экономикалық даму мен жаңа энергетикалық сала тренді барған сайын күшейіп келеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтеріне сәйкес әлемдік экономиканың энергияға қажеттілігі жыл сайын артып ортырады және 2040 жылға үштен бірге өседі. Өз кезегінде энергияны тұтынудың артуы атмосфераның ластану қаупін күшейтіп, ғаламдық жылыну процестерін тездетуі мүмкін. Осыған байланысты климаттың өзгеруіне бейімделу, төмен көміртекті экономикаға және жаңартылатын энергия көздеріне көшу мәселелері 2 секцияда: «Климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиялары мен экономиканы декарбонизациялау», «Ғылым, технологиялар мен инновациялар энергетика мен экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде» және«Жасыл экономиканы» дамыту келешегі мен сценарийі» дөңгелек үстеліндеталқыланды.

Сессияда талқылау үшін келесі тақырыптар ұсынылды:

  • 2050 жылға дейінгі энергетиканы дамытудың әлемдік сценарийі;

  • Климаттық қауіпсіздік пен Қазақстан;

  • «Жасыл» энергетиканы дамытудың басты факторлары;

  • Әлемдік энергетикалық нарықтың үрдістері мен технологиялары;

  • «Жасыл» технологияларды ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Сағат09.00-де – Панельдік сессия мен «Климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиялары мен экономиканы декарбонизациялау» секциясының ашылуы өтті,оның модераторлары «EmeraldPlanet» президенті және атқарушы директоры, доктор С. Хэнкок (АҚШ), «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор Б. Есекина болды. Құттықтау сөз сөйлегендер: WSEC–2017 Халықаралық бағдарламалық комитетінің төрағасы, Қазақстан ұлттық жаратылыс ғылымдары академиясының президенті Н. Абықаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары Р. Жошыбаев.

Секция спикерлері ретінде танымал саясаткерлер, дәстүрлі және балама энергия, экономиканы декарбонизациялау, климаттың өзгеруіне бейімделу, «жасыл» инновациялар мен технологиялар саласындағы халықаралық және отандық ғалымдар мен мамандар қатысты: АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы ЕлшісіДж. Крол, Жоғары экономика мектебі Қоршаған орта экономикасы және табиғатты пайдалану орталығының директоры (Ресей) Г. Сафонов, Грэттен Институтының энергетика бағдарламасының директоры (Австралия) Т. Вуд, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессорӘ. Сатыбалдин, ILF Kazakhstan Consulting Engineers LLC компаниясының тең құқылы иесі, (Австрия)А. Файцльмайер, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы А. Сәтқалиев, РҒА Жоғары температура Біріккен институты директорының орынбасары (РФ) Э. Сон, Азаматтық құрылыс Ұлттық зертханасының бас ғылыми қызметкері (LNEC), Португалия Ж-П. Лобо-Феррейра және Саблимерито тең құрылтайшысы, Португалия П. Мартинс.

Бірінші сессия Сауд Арабиясы мен Польша Республикасымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу туралы шартқа қол қоюмен аяқталды.

Сағ. 11.30-да «Ғылым, технологиялар мен инновациялар энергетика мен экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде» секциясы өз жұмысын бастады, оның модераторы – Назарбаев Университетінің инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті, доктор К. Байғарин болды.Сессияның ашылуында Елші, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Д. Сабо және WSEC-2017 Халықаралық бағдарламалық комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерия академиясының президенті Б. Жұмағұлов жалпы құттықтау сөз сөйлеп, «жасыл өсім» басымдықтары мен жаңа экономиканың дамуында инновациялар мен алдыңғы қатарлы технологиялардың маңыздылығы туралы қысқаша баяндама жасады.

Баяндамалар мен презентациялар жасап, сөз сөйлегендер: Стэнфорд университетінің Инженерия мектебінің механика профессоры, материалтану және инженерия профессоры, Прекортом энергетика институтының аға ғылыми қызметкері және машина жасау профессоры, доктор Ф. Принц, Италия сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастықминистрлігінің энергетика жөніндегі кеңесшісі, энергетика жөніндегі тәуелсіз консультант,доктор С. Гарибба, Стендфорд Университетінің материалтану және инженерия факультетінің профессоры, доктор Т. Гур,TERI төрағасының атқарушы орынбасары (The Energy and Resources Institute), PhD докторыР. Пачаури, Беларусь ҰҒА кеңесшісі, э.ғ.д., профессор, Беларусь ҰҒА және РАЕН академигіП. Никитенко,ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директорыЭ. Батырбеков, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы директорының орынбасары (МНТЦ) А. Төребаев.

Энергетика, төмен көміртекті электр энергиясын өндіруге көшу, ғылымның рөлі, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі технологиялар мен инновациялар саласындағы негізгі тегеурінді талаптар пікірталастарда талқыланды, оны Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы бас директорының орынбасары А. Қашқынбеков, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының бас директоры А. Мұнара, Назарбаев Университеті Энергетика, экология және климат зертханасының жетекшісі Е. Ахметбеков жүргізді.

Сағат 14.30-17.30 аралығында «Жасыл экономиканы» дамыту келешегі мен сценарийі» дөңгелек үстеліне философия ғылымдарының докторы, профессор, Еуропалық жаратылыс ғылымдары академиясының, Ресей саяси ғылымдар академиясының академигі О. Габриэлян жәнеэкономика ғылымдарының докторы, корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерия академиясы президиумының бас ғалым хатшысы Г. Медиева басшылық етті.

Баяндамалар мен презентациялар жасағандар: «Эрланген-Нюрнберг» университеттерінің құрметті профессоры, «Siemens» пайдалы отын негізінде электр энергиясын өндіру бойынша департаменттің экс-президенті, Германия К. Ридле, «Қазатомпром» ҰАК»АҚ ФИВТ «Энергомаш» директоры, т.ғ.д., АУЭС профессоры, Халықаралық инженерлік академиясының және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі А. Болотов, «Голографиялық индустрия» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ф-м.ғ.д., Беларусь Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Л. Танин, доктор, профессор, Еуропалық инженер-құрылысшылар кеңесінің қоршаған орта және орнықты даму тұрақты комиссиясының төрағасы, Инженер ұйымдарының Бүкіләлемдік федерациясы энергия тұрақты комитетінің күн тобының төрағасы, Азаматтық инженерлер Бүкіләлемдік кеңесінің вице-президенті, Азаматтық инженерлер Еуропалық кеңесінің вице-президентіК. Аренз, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академиктері Г. Мун мен И. Сулейменов, ЕБРР-дің Мәскеу өкілдігінде энергия тиімділігі мен климаттың өзгеруі бөлімінің жобалары бойынша жетекші менеджер В. Дуйнхувер.

Панельдік сессия ұсынымдар қабылдаумен аяқталды. 

Intecracy Group