Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Жұма, 08 Шілде 2016 09:18

Қазақстанда төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі стратегия әзірленетін болады

2016 жылдың 4 шілдесінде Астанада Премьер-Министр К.Қ. Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Іс-шараны ҚР Энергетика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің, БҰҰДБ, ЮСАИД, GIZ, Бүкіләлемдік банк, ЕБРР қаржылық және сараптамалық қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығымен әріптестікте ұйымдастырған болатын.

IVмәжілістің күн тәртібіне сәйкес Кеңестің және оның жұмыс топтарының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен кестелері, сондай-ақ жұмыс топтарының құрамы қарастырылып, бекітілді. Бірінші мәселе бойынша ҚР Энергетика министрі К.А. Бозымбаев сөз сөйледі.

Мәжілістің негізгі тақырыбы Париж қаласында 2015 жылдың желтоқсанында климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясында қабылданған, Париж климаттық келісімін іске асыру мәселелерін қарастыруға арналған. ҚР Энергетика министрі К.А. Бозымбаевтың, халықаралық сарапшылар Сафонов Г.В.(ВШЭ РФ), Феликс Кристиан Маттес (Бүкіләлемдік Банк, АҚШ), Ян-Виллем ван де Вен (ЕБРР, Ұлыбритания) және басқалар баяндама жасап, презентациялар ұсынды. Баяндамашылардың пікірінше, Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы декарбонизациялау мен төмен көміртекті дамуға көшу үшін әлеуеті жеткілікті.

 

Талқылаудың маңызды қорытындысы:

- Қазақстанның климаттың өзгеруі саласындағы Париж келісіміне жуық арада қол қою мен ратификациялау қажеттігі;

- Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу.

Осыған байланысты Энергетика министрлігіне басқа министрліктер және ведомстволармен бірлесіп, төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясы жобасын әзірлеу және төмен көміртекті инвестицияларды тарту мақсатында БҰҰ Жасыл климаттық қорымен (GCF), ЭЫДҰ елдерімен және халықаралық ұйымдармен (Бүкіләлемдік Банк, ЕО, ЕҚЫҰ, UNEP, UNDP, GIZ, USAID және басқалар) ынтымақтастықты күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Шақырылғандар ретінде Кеңес жұмысына депутаттар – ҚР Парламенті бейіндік комитеттерінің басшылары мен мүшелері, мемлекеттік органдардың, Қазақстанда тіркелген: ЕО, Франция, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей Федерациясы, Португалия дипломатиялық миссияларының және ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, ЮНЕП, ЕЭК ООН, ЮСАИД, GIZ, РЭЦЦА, МНТЦ, Бүкіләлемдік банк, ЕБРР, Қазақстандағы Азия даму банкі сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары мен бизнес қауымдастықтардың, зерттеу ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Барлығы кеңес жұмысына 120-дан астам қатысты.

Intecracy Group