Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Сәрсенбі, 23 Қараша 2016 05:58

СЭБ – Қазақстан Республикасында экологиялық саясатты ілгерілетудің жаңа кезеңі

2016 жылғы 14 қазанда Астана қ. «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР Энергетика министрлігі бірлесіп, «Қазақстанда СЭБ ұлттық жүйесін құруды қолдау» БҰҰ ЕЭК жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құру» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) туралы, БҰҰ ЕЭК хаттамасы жайлы жұртшылықты хабардар ету, Қазақстан мен ТМД елдерінде СЭБ-ті қолданудың артықшылықтарын талқылау.

Семинарға ЕО, БҰҰДБ, БҰҰ ЕЭК өкілдері, ҚР Энергетика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті, «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-аналитикалық орталығы» РМК басшылары мен қызметкерлері, Астана және Алматы ққ. акиматтары, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстандық экологиялық аудиторлардың палатасы» қауымдастығы, Қазақстандық орнықты даму үшін табиғатты пайдаланушылар қауымдастығы, «Қазақстан Су Арнасы» ҚР сумен қамтмасыз ету және суды қайтару кәсіпорындарының қауымдастығының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар қатысты.

Семинардың модераторы «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бахыт Есекина болды. Құттықтау сөзбен семинар ашылуында ҚР Энергетика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Бекберген Керей және БҰҰ ЕЭК жобасының жергілікті үйлестірушісі Наталья Головко сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар стратегиялық экологиялық бақылаудың көпшіліктің қатысуымен жоспарлар, бағдарламалар, ұлттық саясат пен заңнаманы әзірлеу мен қабылдауда маңыздығын атап өтті.

Семинарда халықаралық сарапшысы Елена Лаевская БҰҰ ЕЭК стратегиялық экологиялық бақылау жайлы хаттамасымен, экологиялық бағалау бойынша қолданыстағы халықаралық талаптармен таныстырды, ТМД елдерінің тәжірибесі туралы айтып берді. Презентациялар барысында сарапшы мен семинарға қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу өтті.

Жобаның ұлттық сарапшысы Александр Брагин қоршаған орта саласындағы ҚР заңнамасы және «жасыл экономика» бойынша шолу әзірлеп, презентация жасады. Қарағанды қ. «Экомузей» ҒӨБ бас директоры Дмитрий Калмыков қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үрдісіне үкімет емес ұйымдардың қатысуы жайлы тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құру мүмкіндігі туралы мәселе бойынша кенейтілген пікірталас ұйымдастырылып, оның нәтижесінде СЭБ-ті жүзеге асыру үшін әлеуетті нығайту және еліміздің «жасыл экономика» мақсаттарына жетуі үшін ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында шолу әзірлеуші жұмысшы топқа ұсыныстар жіберу ұсынылды.

Семинардың жұмысы «Хабар 24» телеканалының а.ж. 17 қарашадағы «Жасыл экономика» арнайы бағдарламасында жарық көрді.

Intecracy Group