Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Дүйсенбі, 17 Сәуір 2017 13:00

Инновациялық және төмен көміртекті технологиялар - «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының басымды бағыттары

         2017 жылдың 7 сәуірінде Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық  ғылым академиясында WSEC-2017 Бүкіләлемдік инженерлер мен ғалымдардың конгресіне (ЭКСПО-2017 ресми іс-шарасы) дайындық барысы шеңберінде «Инновациялық және төмен көміртекті технологиялар - «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының басымды бағыттары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР БҒМ Экономика институтымен бірлесіп, «Самұрық-Энерго» АҚ және және Еуразиялық Топ (ERG)  қолдауымен ұйымдастырылды.

 

        Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшуінің болашағы талқыланды, сондай-ақ белгілі қазақстандық ғалымдар дайындаған «Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясы: жүзеге асыру әлеуеті, басымдықтары және тетіктері» атты кітабының тұсаукесері өтті.
        Іс-шараға қатысушылар – ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі комитеті, Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, Инвестициялар және даму министрлігі,  Энергетика министрлігі, Масдар ғылым және технологиялар институты (БАӘ), ЕҚЫҰ, Климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту бойынша USAID қазақстандық бағдарламасы, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы ISTC), ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «KAZENERGY» қауымдастығы, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы,  ҚазҰБА, Халықаралық бизнес университеті, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Волковгеология» АҚ өкілдері - БҰҰ КӨНК 22-конференциясының қорытындылары және «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын ілгерілету контексінде Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшу мәселелері жайлы халықаралық сарапшылардың баяндамаларын тыңдады.
       Іс-шараға қатысушылар алдында ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Садықов, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Әзімхан Сатыбалдин, ҚР Энергетика министрлігінің ЭКСПО басқармасының басшысы Берік Ербосынов құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер ретінде Масдар ғылым және технологиялар институтының (БАӘ) ректоры д-р Бехьят аль Юсуф, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры д-р Бахыт Есекина, «Самрұқ-Энерго» АҚ төрағасының кеңесшісі, Стэнфорд Университетінің (АҚШ)  профессоры д-р Мақсат Түзелбаев, Ұлттық ядролық орталығының ғалым хатшысы Владимир Виктюк, ҚР ЖЭК қауымдастығының төрағасы д-р Өмірәли Ахат және басқалар баяндама жасады.  
       Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша WSEC-2017-ні дайындау және Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшудің стратегиялық бағыттарын анықтау бойынша ұсынымдар әзірленді.

Intecracy Group