Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy

Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder 413 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.


Дүйсенбі, 10 Шілде 2017 10:12

Ғалымдар төменкөміртекті дамудың басымдықтарын талқылады

2017 жылдың 19 маусымында Астана қ. «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Энергетика министрлігі ISTC мен ERG қолдауымен ЭКСПО-2017 алаңында WSEC-2017 Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлер конгресінің аясында «Төмен көміртекті дамудың инновациялары, инвестициялары және  технологиялары: ЖЭК және шығарындылар саудалау жүйесі» тақырыбына сессия ұйымдастырылды.

Іс-шара жаһандық және ұлттық деңгейде төмен көміртекті даму трендтерін талқылау мақсатында, оның ішінде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету тұрғысында өткізілді.

Сеccияның модераторлары ретінде 2007 жылғы климат бойынша Нобель сыйлығының лауреаты д-р Рэй Квон Чунг және «Жасыл Академия» ҒБО директоры, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңесінің мүшесі, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина болаы.

Сессия шеңберінде осы сала бойынша баяндамалар мен презентация жасағандар: ММУ табиғатты пайдалану экономикасы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор, РЖҒА академигі С.Н. Бобылев, ISTC аға жоба менеджері д-р Акира Наканиши, LNEC департаментінің директоры (Португалия) Жорж Грандао Лопес, DIWecon менеджері д-р Петра Опитц (Германия), Оңтүстік-Шығыс университеті Энергетика және қоршаған ортаны қорғау Инженерлік мектебінің термалды энергия бойынша профессоры Пейхонг Вонг (ҚХР), Дүниежүзілік инженерлер ұйымдары федерациясының энергетика жөніндегі вице-президенті Самуэль Гроссман (США), Minas Energy өнімдер әзірлеу жөніндегі директоры Крис МакЛиллан (Канада), т.ғ.д., Әлем және Азия инновациялық бизнес-жобалар конкурстарының лауреаты, EcoWatt ЖШС М.Н. Қамбаров (Қазақстан) және басқалар. Талқылауға «Болашақ энергиясы» халықаралық старт-ап жобалар конкурсының жеңімпаздары қатысты.

            Сессия аясында белгілі қазақстандық ғалымдардың дайындаған «Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайында төмен көміртекті дамуына көшу стратегиясы: әлеуеті, басымдықтары мен тетіктері» кітабының тұсаукесері өткізілді.

            Сеccияның нәтижелері бойынша жаһандық және ұлттық деңгейлерде төмен көміртекті дамуға көшудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін ұсыныстар қабылданды.

Өтетін орны: Астана қаласы, Конгресс орталығы, 2 қабат, № 4-б кіші залы.

Күні және уақыты: 19 маусым, 2017 ж., 14.30-18.00 сағ.

Аккредиттеу: а.ж. 16 маусымы, сағ. 18.00-ге дейін.

Байланыс: тел. +7 (7172) 277293; 277294,

                      info@green-аcademy.kz

Intecracy Group