Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy


Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 20:13

Болашақ Энергия форумының қорытынды конференциясында ЭКСПО-2017 МАНИФЕСТІ қабылданды

Ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде Астана қ. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің/ Болашақ Энергия форумының  «БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУДА» атты қорытынды шарасы өтті. Онда ЭКСПО-2017 Манифесті қабылданды.

 

Шараның аясында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР БҒМ ҒК-мен және «Самрұқ-Энерго» АҚ-мен бірлесіп, «Төмен көміртекті дамуға көшудің институционалдық және экономикалық тетіктері» тақырыбына сессия ұйымдастырды. Сессияның модераторлары ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бақыт Есекина және «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасының кеңесшісі Мақсат Түзелбаев болды.

 

Сессияны ашу рәсімінде құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен, Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративті Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Samruk Green Energy» ЖШС-нің бас директоры, э.ғ.д. Жомарт Момынбаев.

 

Сессияда жаһандық және ұлттық деңгейде «жасыл» энергетиканы ілгерілету және төмен көміртекті дамуға көшудің саяси-экономикалық және институционалдық тетіктері, атап айтқанда, БАӘ-де «жасыл» энергетиканы ілгерілету (Масдар ғылым және технологиялар институтының проректоры Бехжат аль-Юсуф) және Германияны көміртексіздендіру болашағы (Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Өкілдігінің директоры Томас Хельм), Ресей Федерациясының төмен көміртекті даму стратегиясының басымдықтары мен құралдары (WWF Климат және энергетика бойынша бағдарламасының директоры Алексей Кокорин), дамыған елдердегі (IDDR көміртексіздендіру жобалары бойынша сарапшысы Генри Вайсман) және Орталық Азия елдеріндегі (РФ Жоғары экономика мектебінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов) терең көміртексіздендіру жобалары, «жасыл» технологиялар трансферттеу үшін CTCN мүмкіндіктері (ЮНЕП Субаумақтық Офисының басшысы Наталья Алексеева), таза көмір технологиялары бойынша Еуропалық Одақтағы бастамалар мен жетістіктер (ЕО-ның отын элементтері және сутекті бірлесіп байыту Ғылыми комитетінің төрағасы Эден Мамут, Румыния) талқыланды.

 

Талқылауға мемлекеттік органдар, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің кеңсе ғимараттарының дирекциясы, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Карачаганак Петролеум» АҚ, BI-Group компаниясының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, ЭКСПО-2017- ге қатысқан елдердің ҮЕҰ қатысты.

 

Сессия шеңберінде 5 қыркүйекте ҚР Президенті Істері жөніндегі Басқармасының «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің кеңсе ғимараттарының дирекциясы» РМК қызметкерлері, бизнес компаниялардың өкілдері үшін «Термотехника» ЖШҚ-мен (РФ) серіктестікте компанияның зерттеу және даму бойынша директоры В.Л. Кимнің басшылығымен «Ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін SMART технологиялар» тақырыбына тренинг ұйымдастырылды.

 

Тренингке қатысушылар энергия үнемдеу және инжинирингтің «жасыл» технологияларын ілгерілету, сондай-ақ инфрақұрылымдық экожобалар жасау саласындағы жаңа ресейлік және еуропалық жетістіктермен танысты.

 

Сессия қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 Манифестіне енгізу үшін ұсыныстар қабылданды.

Intecracy Group