Intecracy Group Intecracy Group Intecracy Intecracy

Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder 2018march17 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/green-academy.kz/httpdocs/images/2018march17
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2018march17
/** * @package Joomla * @author Brooksus * @website http://brooksite.ru/ * @email admin@brooksite.ru * @copyright Copyright by Brooksus. All rights reserved. * @license http://www.gnu.org/licenses/gpl-2.0.html GNU/GPL **/ ?> 
Дүйсенбі, 26 Наурыз 2018 12:35

ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНУДЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫ АЗАЙТУДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ҮШІН BLOCKCHAIN ПАЙДАЛАНУ

[sigplus] Critical error: Image gallery folder 2018march17 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2018 жылғы 17 наурызда Астана қ. «Өндірісті цифрландыру: энергия тұтынуды және шығарындыларды азайтуды мониторингілеу үшін blockchain» тақырыбына семинар-тренинг өтті. Семинарды «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Астана қаласының Әкімдігімен бірлесіп, «Русский углерод» Қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара Париж Климаттық Келісімінің шеңберіндегі ұлттық міндеттемелерді іске асыруға байланысты энергия тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін өндірісті цифрландыру және blockchain платформасын пайдалану тәсілдерін зерттеу мақсатында өткізілді.

Баршаға белгілі, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Париж климаттық келісімін, сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мақсатында 2030 жылға қарай ІЖӨ-де энергия тиімділігін 30% -ға төмендету және елдік шығарындыларды 15-25% азайту мақсаттары белгіленген болатын. Сарапшылардың пікірі бойынша, осы проблемаларды шешу үшін қазақстандық кәсіпорындар цифрландыру әдістерін пайдалана отырып, энергия тиімділігін арттыру және шығарындылар мен қалдықтарды азайтуға бағытталған жүйелік шараларды қамтитын төменкөміртекті дамуға көшудің кешенді корпоративтік стратегияларын әзірлеу керек.

Семинарды «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бахыт Есекина және «Aстана Innovations» АҚ-мы Басқарма төрағасының орынбасары Мейрам Дюсюков сөз сөйлеп, ашты.

Тренинг жүргізушілер — Жоғары Экономика мектебінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов, «Русский углерод» Қорының атқарушы директоры Алексей Шадрин, Блокчейн және Inspi Russia финтех акселераторы, CBDO Life.SREDA VC негізін қалаушы және бас директоры Максим Авдеев (Ресей Федерациясы) болды.

Семинарға Астана қаласы Әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен оған қарасты өндірістердің, Aстана Innovations, Самұрық-Энерго, «ҚазМұнайГаз» ҰК, ҚР тау-кен ғылымдарының Ұлттық академиясы, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС және т.б. басшылары мен мамандары қатысып, экономиканың түрлі салаларында энергияны тұтынуды және шығарындыларды реттеу мониторингін жүргізу үшін блокчейн платформасын пайдалануды мүмкінді деп атады.

{gallery}2018march17{/gallery}

Intecracy Group Vladislav Namestnikov Authentic Jersey