2020 ж. 2 желтоқсанда БҰҰДБ/ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстанның ұлттық деңгейде анықталатын жарналарын жаңартуға жәрдемдесу» жобасы аясында «ПАРНИКТІК ГАЗДАРДЫ РЕТТЕУ САЛАТЫНДА ISO СЕРИЯСЫНЫҢ СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» семинарының қорытынды сессиясы онлайн түрінде өтті.

Сессияның ашылуында ҚР ИСМ Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының орынбасары Тайжанов К.Н. және Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі Техникалық Комитеттің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика кеңесінің мүшесі, «Жасыл академия» ҒБО директоры Б.К. Есекина сөз бастады.

Халықаралық ISO сарапшысы Д.Пермиготти (Италия), ETS KZ Verifiers қауымдастығының жетекшісі И.Лисова, «Жасыл Даму» департаментінің директоры Б.Ахметова презентациялар ұсынды.

Қорытынды сессияның қатысушылары – «Атамекен» ҰКП, «Kazenergy» АҚ, Республикалық тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (AГМП), «ETS KZ Verifiers» ҚР верификаторлар одағы, Парниктік газдар саласындағы верификаторлар ассоциациясы және одан басқа да кәсіпорындардың өкілдері парниктік газдар шығарындылары сауда жүйесін жетілдіру, ҚР жаңа Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер және Қазақстан кәсіпорындарда валидация мен верификация рәсімдеріне ISO стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады.

Талқылау барысында ISO стандарттары мен ҚР ЭГТРМ дайындаған «Валидация және верификация жасау ережесі» жобасын үйлестіру бағыттарын талқылау ұсынылды. Аталған Ереже ҚР ИСМ Ұлттық аккредитация орталығының жанындағы Валидация және верификация жөніндегі мүшелерді аккредиттеу туралы Техникалық комитеттің алаңында ҚР ЭГТРМ-мен дайындалған болатын.