2020 жылдың 18 қыркүйегінде сағ. 15.00-де Google Meet платформасында «ЭКОНОМИКАНЫ ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында ВЕБИНАР өткізіледі.

Ұйымдастырушылар – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Университеті (АЭжБУ), «Green Academy» Ғылыми-білім беру орталығы, «Carbon Lab» Халықаралық  консалтинг орталығы (Москва қ.,РФ).

Іс-шараның мақсаты – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» және «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауларында  айтылған Нұсқауларын «жасыл» өсу мен экономиканы терең декарбонизациялау негіздерін қамтамасыз ету тұрғысынан талқылау. 

Вебинар жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің, ғылымның, кәсіпкерлік компаниялардың және ҰӨБ өкілдерінің қатысуы күтілуде.    

Спикерлер ретінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, климаттың өзгеруі және көміртекті реттеу мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық сарапшылар шақырылды.

Вебинардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жобасының тиісті бөлімдеріне ұсыныстар қабылданады.   

Вебинарға қатысу үшін 18.09.20 ж. 13.00-ге дейін төмендегі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://formdesigner.ru/form/view/139398

Google Meet –  meet.google.com/sxzxabpojw

Өткізілетін күні және уақыты: 18 қыркүйек, 15.00 – 17.00

Байланыстар: WhatsApp +7 701 7347758, +7 702 5475045

                           e-mail: m.salykova@aues.kzl.nurmuratova@aues.kz