CОР-26-ға дайындық жəне көміртекті реттеу

Ағымдағы жылғы 5 мамырда сағ. 14.00-16.30 аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы және ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігімен серіктестікте «COP-26-ға дайындық және көміртекті реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – климат бойынша жаһандық көшбасшылар саммитінің нәтижелерін, Қазақстанның COP-26-ға дайындық процесін талқылау және Орталық Азия үкіметтеріне төмен көміртекті реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі, ЕО, Дүниежүзілік банк, WWF, халықаралық сарапшылар, университеттер, бизнес құрылымдары және ҮЕҰ – қатысады деп күтілуде.

Іс-шараның модераторы – Бақыт Есекина, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор. Алғы сөз және баяндама жасайтындар:

– Жаслан Мәдиев, ҚР СЖРА төрағасының орынбасары (TBC)

– Мацей Мадалинский, ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің саясат, баспа және ақпарат бөлімінің жетекшісі

– Ерлан Әбіл, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

– Джон Брайант Коллиер, Халықаралық банктің сектор жетекшісі, Орталық Азия бойынша қоршаған орта жөніндегі аға маманы

– Ерлік Қаражан, ОДМ бойынша халықаралық сарапшы, э.ғ.к.

– Дәулет Ахметов, Қазақстандық энергетика қауымдастығының вице-президенті

– Асхат Қожұмов, АХҚО төрағасының кеңесшісі/ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты.

          Талқылау нәтижесі бойынша Орталық Азия елдерінде төмен көміртекті реттеуді одан әрі жетілдіру және СОР-26 бойынша аймақтық позицияны қалыптастыру бойынша ұсыныстар, соның ішінде Париж климаттық келісімнің 6-тарауына қатысты ұсыныстар қабылданатын болады.

Іс-шараға тіркеу

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Абай к., 33 үй, 7-этаж, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Күні мен уақыты: 2021 ж. 5 май, сағ. 14.00-16.30

Байланыс:

ЕО – Эльнара Абақанова, WhatsApp +77778798787 МБА – Айқын Шалабаева, WhatsApp 8776162 5150