ЭЫДҰ тәсілдерін Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау жүйесіне интеграциялау

2021 жылы 15 қаңтарда сағат 15: 00-де «Жасыл Академия» РЭК Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және ЭЫДҰ-мен бірге KYZMET TALKS пікірталас алаңында «ЭЫДҰ тәсілдерін Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау жүйесіне интеграциялау» тақырыбында вебинар өтеді.

      Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жай-күйін талқылау және ЭЫДҰ тәсілдерін ескере отырып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

     Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, ЭЫДҰ, БҰҰДБ, PAGE, университеттер, бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық сарапшылары қатысады деп күтілуде.

     Вебинардың модераторы ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл академия» РЭК директоры, экономика ғылымдарының докторы, проф. Есекина Б.К.

    Талқылау нәтижелері бойынша Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру тәсілдерін одан әрі интеграциялау бойынша ұсыныстар қабылданатын болады.

Осы іс-шараға тіркелу –  https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_ZWMwZmIxMzItNjczZC00NWI0LTg0NDQtNmJmM2FiOGNmOTI0%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%22d160ffd8-a306-4261-a9b3-d0c1e3f91396%22%2c%22Oid%22%3a%22b3b545e6-f74d-4828-bc8e-b7c97b869486%22%7d

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан

Күні мен уақыты: 15 қаңтар 2021 ж., 15:00 сағ.

Байланыс телефондары: Айнур Сейтхожина, info@green-academy.kz