«КӨМІРТЕКТІ БЕЙТАРАПТЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ»

2020 ж. 18 желтоқсандасағат 15.00-де GoogleMeet платформасында «КӨМІРТЕКТІ БЕЙТАРАПТЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ» тақырыбында сарапшылардың кездесуі өтті.

Іс-шара Г.Даукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс
Университеті (АЭжБУ), «GREEN ACADEMY» ҒБО, «Carbon Lab» Экологиялық инвестицияорталығының (РФ) қатысуымен ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараның мақсаты –декарбонизация бойынша халықаралық тәжірибені саралау және Қазақстанда көміртекті бейтараптылыққа жету жолдарын талқылау.

Іс-шараның ашылуында сөз бастағандар:Свен-Олов Карлссон мырза – Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі, Пірімқұлов Ахметжан–ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Др.СәулеСағынтаева–АЭжБУ ректоры.

Осы іс-шараның модераторы –Др.Бақыт Есекина – ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл академия» ҒБО директоры.

Спикер ретінде келесі кісілер сөз сөйледі: Ян Вилльем ван де Ван мырза
– ЕҚДБ Климаттық қаржыландыру және көміртегі нарығы, энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі бөлімінің басшысы, Винсент Дуанховер марза – Директордың орынбасары, мемлекеттер арасында қарым-қатынас
орнату, энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі жөніндегі топ жетекші,
ЕҚДБ, Др. Михаил Юлкин – «Carbon Lab» Бас директоры (Ресей), Др. Анри
Вайсман
– «Climat» бағдарламасы, «Тұрақты даму және халықаралық
қатынастар институты», терең декарбонизациялау жолдары (DDP)
бастамасының жетекшісі (Франция), Др. Георгий Сафонов–Экономика
жоғары мектебінің Экологиялық экономика және табиғи ресурстар
орталығының директоры (Ресей), Куми Китамори ханым – ЭЫДҰ Жасыл өсу және халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы, Жан-Франсуа Ленгель
мырза
– ЭЫДҰ Жаһандық қатынастар хатшылығының жоба жетекшісі,
Дәулет Ахметов мырза – Қазақстан Энергетикалық Қауымдастығының (КЕА) төрағасы.

Аталған шараға ҚР ЭГТРМ, ЕО, ЕҚДБ, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банкі, IDDRI, CILT, Green Bridge, ҚазҰУ, IGTIPC, Халықаралық ғылыми-технологиялық орталық, AЭжБУ, Экономика жоғары мектебі, Назарбаев Университеті, Қазақстанның Биосаналуандылығын сақтау қоры, Green Finance Centre, ҚР ҰЭМ ЭЗО, KazakhInvest, АДБ, Мәскеу мемлекеттік университеті, БҰҰДБ, ғалымдар, ҮЕҰ өкілдері және басқалар қатысты

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Үкіметіне ұсыныстар жобасы қабылданды.