СЭБ және климаттың өзгеруіне бейімделуді талқылау

2020 жылғы 3 наурызда Нұр-Сұлтан қ., КазЭнерджи ғимаратынада «Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін Стратегиялық Экологиялық Бағалауды (СЭБ) интеграциялау» тақырыбына ҚР Парламенті депутаттарына, орталық және жергілікті мемлекеттік ұйымдардың жауапты қызметкерлеріне және бизнес құрылымдарға арналған Семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары «GREEN ACADEMY» ҒБО, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстары, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті болып табылады, сондай-ақ бұл семинар GIZ и ECO JER Ассоциациясының қолдауымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері және СЭБ механизмдері бойынша, сондай-ақ оны Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының жобасы аясында қолдану бағытына қатыстыхалықаралық тәжірибені талқылау

Семинардың ашылуында ҚР Экологиялық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің депутаты Мансұрхан Махамбетов, ҚР ЭГТРМ Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің Директоры Олжас Ағабеков сөз сөйледі. ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО Директоры Бақыт Есекина бірінші сессияның Модераторы болды, ал «ECOJER»Ассоциациясының Бас директоры Рүстем Қабжанов екінші сессиясына Модераторы болып сөз сөйледі.

Спикерлер ретінде келесілер қатысты: IPCC сарапшысы, «Атмосфера мен табиғи жер жүйелерінің өзара әрекеттесуін зерттеу» бөлімі басшысының орынбасары, Ғаламдық климат және экология институты, РФ – Др. Оксана Липка, Әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы- Вадим Ни, Орталық Азиядағы аймақтық бейімделу жобасының жетекшісі, GIZ, – Дана Ермоленок.

Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары – Мансұрхан Махамбетов, Марат Бопазов, Құралай Қаракен, Дархан Мыңбай, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Стратегия және цифрландыру департаменті Директорының орынбасары Бауыржан Абылқасымов, Др. Оксана Липка, Др. Бақыт Есекина, «ECOJER», GIZ өкілдері және басқалар қатысты.

Семинардың жұмысына Парламент Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану комитетінің аппараты қызметкерлері, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі; Ұлттық экономика министрлігі; Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті; Энергетика министрлігі; ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті; Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі; БҰҰДБ; GIZ және бизнес-компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, тиісті министрлікке және ҚР Парламенті Мәжілісіне жіберілетін болады.