2019 ж. 14 қарашада Жасыл өсу жөніндегі алғашқы ұлттық есептің презентациясы өткізіледі.

«Green Academy» ғылыми-білім беру ортылығы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен бірлесіп, ЭЫДҰ қолдауымен 2019 ж. 14 қарашада жасыл өсу жөніндегі алғашқы ұлттық есептің презентациясын өткізеді.

         Дайындалған есеп ЭЫДҰ әдіснамасын қолдану арқылы жасалған Қазақстан Республикасының жасыл өсу жөніндегі ақпараттық есебі болып табылады және қоғамның, мемлекеттік органдардың және шешім қабылдаушы тұлғалардың елдің жасыл өсуге жету барысы туралы ақпараттылық деңгейін арттыруға арналған.

         Семинар жұмысына төмендегі тұлғалардың қатысуы күтілуде: А.Ә.Пірімқұлов – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-Министрі, Г.М. Керимханова – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Төрағасының орынбасары, Ж-Ф. Ленгель – жобаның ЭЫДҰ координаторы.

         Спикерлер ретінде төмендегі тұлғалар қатысады: А.Л. Шалабекова – ҚР ЭГТР Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің Директоры, А.С. Шауенова – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының басшысы, Б.К. Есекина – ҚР Президентінің жанындағы жасыл экономикаға көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Green Academy» ғылыми-білім орталығының директоры, А.С. Жайсаңбай –  ҚР ЭГТР Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті Тұрмыстық қатты қалдықтар басқармасының басшысы, Д.Г.Сагадиев – ҚР ЭГТР Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды басқармасының басшысының міндетін атқарушы.

         Іс-шара жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, жасыл экономиканың индикаторлары туралы ақпараттың жедел жиналуы мен ашықтығын арттыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, сонымен қатар ҰЭМ, ЭГТР, ЭМ, ДСМ және т.б. өкілдері қатысады.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Д.Қонаев көш., Rixos President Astana, Orda Hall залы

Өтетін күні / уақыты:  14 қараша, 14:30

Байланыс:

m.esbolkyzy@economy.gov.kz, 749311, 749778

info@green-academy.kz, 277293