2025 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесіне климаттық саясатты интеграциялау» тақырыбында қоғамдық-саяси диалог өтті. Іс-шараны «Green Academy» Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Астана қаласының Қоршаған орта және табиғат пайдалануды қорғау басқармасының, FAO жобасы, SIPA/IDDRI (Франция) қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты Бразилияның Белен қаласында өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының (COP30) қорытындыларын талқылау және климаттық саясаттың қағидаттарын Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік басқару жүйесіне интеграциялау бойынша ұсынымдар әзірлеу болды.
Құттықтау сөздерімен сөз сөйледі: Ажар Сагандыкова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі Комитет мүшесі, ҚР Экодекстері бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Мансур Ошурбаев, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Йоханнес Баур, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың ынтымақтастық жөніндегі басшысы, Азамат Жолманов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.
Бірінші сессияның модераторы «СОР-30 қорытындылары және жаңа көміртегі саясаты» тақырыбы бойынша д-р Бахыт Есекина, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жасыл экономика кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры болды.
Баяндама жасағандар:
Д-р Алексей Кокорин, халықаралық сарапшы, «Природа и люди» қоры (Беленедегі БҰҰ КӨНК конференциясының қорытындылары және Қазақстанға арналған ұсынымдар);
Кирри Хендриксен, климат және жасыл өтпелі мәселелері жөніндегі бөлім бастығы, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі (Ұлыбританияның көміртегі нарықтары саласындағы тәжірибесі және 6-бап);
Екатерина Ялынская, Қазақстандық стандарттау және метрология институтының стандарттар мен НТҚ қоры департаменті директорының орынбасары (Қазақстандағы көміртегі бейтараптығы стандарттарын әзірлеу).
Екінші сессияның «Көміртегі саясатын мемлекеттік басқаруға интеграциялау» тақырыбында, модератор болып Қазақстандағы FAO жобасының үйлестірушісі Айжан Карабаева сөз сөйледі. Сессияда келесі баяндамалар ұсынылды:
Д-р Георгий Сафонов, IDDRI (Франция) аға сарапшысы (Көміртегі бейтараптығын жоспарлауды жетілдіру);
Рустам Насирхан, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы Климат өзгеруі орталығының директоры (Қазақстанда көміртегі бейтараптығына жету жол картасы);
Самат Абдуллин, Астана қаласының Қоршаған орта және табиғат пайдалануды қорғау басқармасы басшысының орынбасары (Астана қаласының көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеудің перспективасы).
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты.
Қатысушылар 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына жету стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйымдар күштерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Диалог барысында әзірленген ұсыныстар («Ангел» ҚБ директоры, Людмила Петрова) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданатын болады. Ұсыныстар 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданады.
Бағдарлама: https://disk.yandex.com/i/AkpK8gCDVO1Bbg
Ұсынымдар жобасы: https://disk.yandex.com/i/R2wFj0wGVVXvWw
Email: info@green-academy.kz












