2018 жылғы 2 шілдеде «GlobalSilkRoad. Қалалар мэрлерінің форумы» аясында «Ақылды, тұрақты және төмен көміртекті қалалар үшін блокчейн» тақырыбында панельдік сессия өтті. Сессия «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Астана қаласының Әкімдігі, Evercity(Сингапур) компаниясы және «Термотехника» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — Париж климаттық келісімін іске асыру шеңберінде төмен көміртекті даму саласындағы халықаралық тәжірибемен танысу және blockchain платформасын энергия тұтыну және қала кәсіпорындарының парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін пайдалану.
Сессия модераторы ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономика» жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, профессор Бахыт Есекина және FinTech4Good, UN ESCAP Digital Economy Task Force президенті Cяочен Занг мырза болды. Сессияны Астана қаласының әкімі атынан Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Ә.Әбдіқадыров құттықтау сөзімен ашты. Ол барлық қатысушыларды Астананың 20 жылдығымен құттықтап, қаланы цифрландыру және төмен көміртекті дамыту саласындағы БҰҰ-мен және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға қала әкімдігінің ниеті мен дайындығын білдірді. Сессия қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қоры атынан Ә.Сұлтанғазин сөз сөйледі.
Сессия жұмысы «Ақылды тұрақты қалалар» Бірлескен бастама Төрағасы, ITU UN директоры ЧхеСуб Лидің бейне-үндеуімен басталды, онда БҰҰ осы агенттігінің ақылды қалалар бастамасын жүзеге асыру және қалалардың тұрақты дамуының индикаторларын әзірлеу саласындағы қызметінің басымдықтары айтылды. Сондай-ақ, ЧхеСуб Ли директор Астана қаласы тұрақты қалалар бастамасына қосылғандығын және әлемнің «ақылды» қалалары халықаралық клубына кіргендігін жария етті. Содан кейін, ITU UN серіктесі және «Русский углерод» Қорының басшысы Алексей Шадрин Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Ә.Әбдіқадыровқа Астана қаласының ақылды қалалар бастамасына қосылғандығы туралы ITU UN хатын салтанатты түрде табыстады.
Содан кейін Blockchain және FintechAccelerator (Мәскеу) негізін қалаушы және бас директоры Максим Авдеев, Жоғары экономика мектебінің Қоршаған ортаны қорғау орталығының (Ресей Федерациясы) директоры Георгий Сафонов, «Струнные технологии» ЖАҚ мақсатты жобалар бөлімі бастығының орынбасары (Минск, Беларусь) Светлана Волошина, First Project-тен (Оңтүстік Корея) Алексадр Ким, AIRA (Ресей Федерациясы) атқарушы директоры Иван Петров, «Термоттехника» ҒЗТҚЖ директоры Валентин Ким сөз сөйлейді.
Талқылаудың қорытындылары бойынша Астана қаласының әкімдігі, FinTech4Good, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қоры арасындағы ақылды қала және Астана қаласын цифрландыру саласындағы бірлескен зерттеулер жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды. Ұлттық және қала деңгейлерде парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін blockchain платформасын енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Астана қаласы әкімдігіне және Қазақстанның басқа қалаларына ұсыныстар жасалды.