АСТАНАДА СОР-30 ҚАРСАҢЫНДА КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМА ТАЛҚЫЛАНАДЫ

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ЭЫДҰ/SIPA/IDDRI (Франция) жобасының қолдауымен 2025 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі Жұмыс тобының отырысы шеңберінде «Қазақстанда көміртектік инвестициялау үшін климаттық заңнаманы жетілдіру» тақырыбында сараптамалық семинар өткізеді.

📅 Күні: 2025 жылғы 12 қыркүйек

🕑 Уақыты: 10:00–13:00

📍 Өтетін орны: ҚР Парламентінің Мәжіліс залы, Мәңгілік ел көшесі, 2, Астана қ. (шақыру бойынша)

💬 Форматы: Гибридті (онлайн/офлайн)

📝 Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне көміртек инвестициясын жетілдіру үшін ұсыныстарды талқылау.

ҚР Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар өкілдерінің, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ, AFD делегацияларының, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылардың, ғалымдардың, бизнес-қауымдастықтар мен ҮЕҰ басшыларының қатысуы күтілуде.

📃 Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.kz/i/qaB7iBRaoMALhA

🖥️ Онлайн қатысу үшін тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/TymVEC4f4Uo7H5iM8

📞 Анықтама телефондары: +7 705 307 1126, +7 705 115 3682, +7 702 709 3196

📧 Email: info@green-academy.kz