Белгілі болғандай, 2023 жылдың қараша айының соңында Дубай қаласында (БАӘ) БҰҰ КӨНК климаттың өзгеруі жөніндегі Тараптардың 28-ші конференциясы (COP 28) өтті, онда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның ұлттық Климаттық міндеттемелерді орындауға және 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға бейілділігін растады. 2024 жылдың 11-22 қарашасы аралығында Баку қаласында өтетін алдағы COP 29 конференциясында климаттың өзгеруінің әсеріне қарсы тұруға көмектесетін өршіл келісімге қол жеткізу мақсатында климаттық қаржыландыру мәселелері талқыланады. COP 29 климаттық қаржыландырудың жаңа ұжымдық сандық мақсатын нақтылайды деп күтілуде, бұл Париж келісімінің 6-бабын жүзеге асырудағы маңызды қадам.
Осыған байланысты, «Жасыл Академия» ҒББО ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетімен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, бірлесіп, 2024 жылғы 6 қыркүйекте ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен Астана қаласында «COP-29: 6-бапты іске асырудың нормативтік негіздері және Қазақстан үшін ұсынымдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шараның мақсаты — Қазақстанның көміртегі бейтараптығы Стратегиясына қол жеткізу шеңберінде COP-29 бағдарламасын және 6-бап бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу перспективаларын талқылау.
Дөңгелек үстелдің гибридті форматтағы жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Дүниежүзілік Банк, ЕҚҚДБ, АДБ, БҰҰДБ, SIPA/ЭЫДҰ, халықаралық және ұлттық сарапшылар, бизнес-қауымдастықтар мен ҮЕҰ қатысады деп күтілуде.
Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.ru/i/Hv6kh1lJD2e1qw
Тіркелу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/…/tZEldumoqDkiHd1sKOKE5i5K6uG1T…
Тіркелі 05.09.2024 жылдың 15:00-не дейін
Анықтама тел: +77053071126, +77053071235
email: info@green-academy.kz