ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА 6-БАП БОЙЫНША ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ISTC) және халықаралық серіктестердің қолдауымен «Орталық Азияда көміртек нарығына арналған цифрлық платформаны қалыптастыру» атты сайт-ивент өткізеді.
Іс-шара 2025 жылғы 14 қарашада Бразилия, Белен қаласында, COP30 конференциясының Blue Zone аймағындағы C90 «Цифрлық инновациялар павильонында» өтеді.

📅 Күні: 2025 жылғы 14 қараша
🕑 Уақыты: 09:00–11:30
📍 Өтетін орны: Цифрлық инновациялар павильоны, C90, Blue Zone, COP30, Белен
💬 Форматы: гибридті (онлайн/офлайн)

📝 Мақсаттары:
🔹 Орталық Азия елдерінің көміртектік әлеуетін талқылау;
🔹 ЭЫДҰ (OECD) әзірлеген цифрлық инновациялық платформаны таныстыру;
🔹 Орталық Азия университетінің (UCA) таулы аймақтардағы парниктік газдар шығарындыларын болжау саласындағы жетістіктерін ұсыну;
🔹 Орталық Азия өңірінде Париж келісімінің 6-бабын іске асыру үшін климаттық цифрлық орталық құру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

🤝 Серіктестер:
IDDRI / SIPA (OECD — OCDE) жобасы,
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш компаниясы» АҚ,
Орталық Азия университеті (UCA),
Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ).

📣 Ақпараттық қолдау: “Caravan Info” ақпарат агенттігі.

Біз халықаралық ұйымдар мен сарапшыларды осы маңызды мәселелерді талқылауға шақырамыз!

📃 Бағдарлама жобасы: https://lnkd.in/dcfeWxkP
🖥 Онлайн тіркелу: https://lnkd.in/dsuNit4F
📞 Байланыс телефондары: +7 702 709 31 96, +7 705 307 11 26
📧 Email: info@green-academy.kz
🌐 Веб-сайт: https://green-academy.kz/