ПАРНИКТІК ГАЗДАРДЫ ВАЛИДАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ВЕРИФИКАЦИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ

2021 ж. наурыздың 16-сында ҚР СИМ Ұлттық аккредиттеу орталығына қарасты валидация және верификация органдарын аккредиттеу бойынша Техникалық комитеттің III-і мәжілісі өтті. Мәжілістің негізгі мәселесі — ИСО стандарттарымен, атап айтқанда, ИСО 14064-2019 , 14065-2016, 14066-2016, және IAFMD-ның халықаралық құжаттарымен үйлестіру мақсатында ЕҚДБ қолдауымен ЭГТРМ-гі әзірлеген «Валидациялау және верификациялау ережелерін» талқылау болды. Мәжіліске ҚР ЭГТРМ, ҚР СИМ ҰАО-ғы, «Green Academy» ҒБО, «КAZENERGY» (NCOC), SHELL Kazakhstan, Верификаторлар ассоциациясы, «Green Orda» ЖШС, «Art  Ecology», «Жасыл Көпір», ЕҚДБ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Құжатты талқылаудың нәтижесі бойынша Ереженің жобасына ұсыныстар қабылдандып, ЭГТРМ-ге жіберілді.