«ESG және Қазақстандағы көміртекті реттеуді жетілдіру» Тренинг-семинары

Ағымдағы жылдың 28-29 қаңтарында ЕҚДБ, ЕО, AMT, ESGQ Rating Agency қолдауымен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған тренинг-семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты ESG-ді әлемде көміртекті реттеу және интеграциялау процестерін және Қазақстан Республикасында көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу шеңберінде оларды жетілдіру перспективаларын талқылау болды.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, АМТ Бас директоры Яблонский Владимир және Қазақстандағы ЕҚДБ бас банкирі Майра Қарасаева құттықтау сөз сөйледі. Іс – шараның бірінші күнінің модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰБО Директоры, Доктор Бақыт Есекина болды. Екінші күнді құттықтау сөзімен ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев және ҚР ЭБЖМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ермек Омаров ашты. Іс – шараның екінші күнінің модераторы Esgq Rating Agency Директоры, Доктор Еңлік Қаражан болды.

ЕО – ның ҚР-дағы делегациясы ынтымақтастық басқармасының басшысы Йоханнес Баур, ҚР ЭӘДМ Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Айнұр Копбаева, ЕҚДБ – дағы халықаралық Климаттық Стратегия саясаты департаментінің директоры Ян – Уильям Ван де Вен – ЕҚДБ, Орталық Азиядағы SIPA OECD бағдарламасының жетекшісі Пелин Атамер, Carbon Limits директоры Франсуа Самут , Цимбал Константин-АМТ техникалық директоры, Айбек Төлепбергенов-EY компаниясының Климат жөніндегі аға сарапшысы баяндама жасады.

Негізгі пікірталастар ESG, СТВ, шекаралық көміртегі салығы (CBAM), MRV жүйесі, көміртегі квоталары аукционы, сондай-ақ шығарындыларды реттеуді жетілдіру бойынша одан әрі шараларды әзірлеу мәселелеріне қатысты болды. Қатысушылар Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бағытына бейілділігін растады және барлық тараптардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Тренинг-семинардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында көміртекті реттеуді жетілдіруге бағытталған Қазақстанның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті дамуға қол жеткізу Стратегиясын орындау үшін іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар жіберу жоспарлануда.