15 маусымда сағат 15:30де «Жасыл университет: стратегиялар мен инвестициялар» тақырыбында Вебинар өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылар: Green Academy ғылыми білім беру орталығы, Нархоз университеті және Экологиялық инвестициялар орталығы (Ресей).

Іс-шараның мақсаты – «жасыл университеттерді» дамытудың халықаралық тәжірибесін талқылау, сондай-ақ «Нархоз» АҚ Тұрақты Даму стратегиясын модернизациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Келесі Спикерлер сөз сөйледі: Д-р Брендан Дюпрей, Тұрақты Қазақстан Зерттеу Институтының (SKRI) Директоры, Д-р Сергей Бобылев, Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Д-р Михаил Юлкин, Экологиялық инвестициялар орталығының бас директоры, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық тұрақты энергия даму орталығының сарапшысы (Ресей), Д-р Алина Аверченкова, Климат және қоршаған ортаны зерттеу институтының жетекші сарапшысы, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (Ұлыбритания), Д-р Ивано Ианнелли, Дубай-Карбон шеберлік орталығының директоры (БАӘ), Д-р Ирина Тихонова, Ресейдің жасыл университеттері бағдарламаның менеджері (Ресей), Властимил Самек мырза, Қазақстандағы БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі, Мейргуль Алпысбаева ханым, Ұлттық білім беру маманы, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы кластерлік бюросы.

Вебинарға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушы-профессорлық құрамы, соның ішінде Нархоз университеті, КИМЭП, АЭжБУ, ҚазҰУ, Тұран және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Вебинардың қорытындылары бойынша ҒБО Green Academy Директоры Д-р Бақыт Есекина ұсыныстар енгізді.