КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕР

2021 жылы 5 наурызда сағат 15: 00-де «Жасыл Академия» ҒБО-ғы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге «ЭНЕРГЕТИКА СЕКТОРЫН КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ» тақырыбына вебинар өткізді.

Сарапшылар кеңесі қазіргі уақытта ҚР ЭГТРМ-гі GIZ қолдауымен әзірлеп жатқан Қазақстанның төмен көміртекті даму Стратегиясына (Тұжырымдамасына) ұсыныстар әзірлеу мақсатында ҚР энергетика секторын көміртегілік реттеудің экономикалық тетіктерін талқылауға арналды.

Вебинарға мемлекеттік органдардың – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР-ғы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі, GIZ, Жасыл қаржылар орталығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК, Сәтбаев Университеті өкілдері және Германия, Бельгия, РФ-нан халықаралық сарапшылар  мен Қазақстан аймақтарынан мамандар қатысты.

Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Кеңес мүшесі, «Жасыл академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., проф. Б. Есекина болды.

Вебинарда Германия Федеративті Республикасының ҚР-ғы Елшісінің тұрақты өкілі доктор Хольгар Колли құттықтау сөз сөйледі. Ол Германия Үкіметінің көміртексіздендіру бағытында жүзеге асырып жатқан шаралары туралы айтты, олардың нәтижесінде 2050 жылға қарай Германия климаттық бейтарапты болатынын жариялады. 2019 жылдан бастап «2030 жылға дейінгі Климаттың өзгеруіне бейімделу бағдарламасы» жүзеге асырылуда. 2021 жылдан Германия бірқатар секторларда көмірден бас тарту туралы, шығарындыларды айтарлықтай азайту туралы жария етті. .

Осы жылдан бастап Германия Вебинарға қатысушылар алдында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры С. Сағынтаева сөз сөйледі. Ол өз сөзінде университет базасында жүзеге асырылып жатқан энергетика секторын технологиялық жаңарту, энергия тиімділігі, энергия аудиті, қоршаған ортаның ластану факторларын анықтау бойынша бірқатар жобаларды атап өтті. Сонымен қатар, шығарындыларды бақылау және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы іс-шараларды университеттердің білім беру бағдарламаларымен байланыстыру қажеттілігіне ерекше назар аударды. ҚР ЭГТРМ-нің атынан сөз сөйлеген Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің көміртексіз даму басқармасының басшысы Г. Ғалиева Мемлекет басшысы БҰҰ-ның климаттық амбициялар саммитінде айтқан «2060 жылға дейін ҚР-ның көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу» міндетінің өзектілігі, сондай-ақ ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясында бекітілген заңнамалық шаралар туралы, 2021-2025 жж. арналған шығарындыларды азайтудың Ұлттық жоспары және қазіргі кезеңде әзірленіп жатқан Қазақстанның төмен көміртекті дамуы тұжырымдамасы жобасын дайындау барысы туралы айтты, оны  ЭГТРМ-гі 2021 ж. ортасына ұсынуды жоспарлайды.

Одан әрі GIZ-тің «Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жасыл экономиканы қолдау» жобасының жетекшісі д-р Йоханнес Шуман ҚР-ның төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеудің алдынғы нәтижелері туралы презентация жасады. Ол өз сөзінде ЕО елдеріндегі көміртексіздендіру шаралары мен экономикалық құралдар жайлы айтты, сонымен қатар олардың тәжірибесі Қазақстан үшін де қызықты болатынын айтты. Жасыл қаржы орталығының директоры А. Қазыбаев жасыл қаржыландыру құралдарына (жасыл облигациялар, ШСЖ, жасыл таксономия және т.б.) негізделген көміртексіздендіру жобаларын ынталандыру шаралары туралы айтты. ЖҚО қызметкері М. Таханова жасыл облигациялар мен жасыл таксономия құралдары туралы толығырақ айтып берді. 2020 жылы Жасыл қаржыландыру орталығы қажетті әдістемелік материалдар әзірледі. Тұрақты даму бойынша халықаралық сарапшы, д-р Е. Қаражан өз сөзінде Қазақстанның мұнай-газ кешенін көміртексіздендіру саласында белсенді қолданылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік (ESG) қағидаттарына тоқталды. Мәселен, ол Total мен Shell компанияларының мысалында сценарийлік болжау шаралары, ғаламдық жеткізілім моделін құру, компаниялардың төмен көміртекті даму стратегиялары және келесі онжылдықтағы іс-қимыл жоспарлары туралы айтты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Стратегиялық департаментінің директоры А. Төребаева өз сөзінде мұнай өндіруші компаниялардың экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбын жалғастырды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ осы саладағы әлемдегі 249 компанияның арасында 40-шы орынға ие болды. Тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінен компания өзіне сәйкес 6-мақсатты белгілеген. Компанияда 2019 жылдан бастап көміртегі мен судың іздері өлшенеді. Энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері және атмосфераға шығарындыларды шығаруды азайтуға байланысты жобалар жүзеге асырылады. 2020 жылы ҚМГ өзінің ұзақ мерзімді экологиялық саясатын қабылдаған.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаға әсерді азайту туралы Сәтбаев университетінің еншілес кәсіпорны басқарма төрағасының орынбасары, Инновациялар жөніндегі басқарушы директор Ш. Черниязданов қызықты баяндама жасады. Жаңа Жер қойнауы кодексіне сәйкес метан минералды ресурстар болып табылады, осыған орай презентацияда Arcelor Mittal компаниясының кен орындарында көміртегі метанды өндіру жобасы және оны баламалы энергия көзі ретінде пайдалану туралы айтылды.

Вебинар барысында ҚР төмен көміртекті дамуының Стратегиясы (Тұжырымдамасын) бойынша кең ауқымды пікірталас болып, ғылым, білім және халықаралық ұйымдар өкілдері оны әзірлеуге байланысты ұсыныстар жасады.

Презентациялар:  https://yadi.sk/d/GxplYz4QWGV6EA

Ұсыныстар жобасы:

Фото: