Жасыл Академия

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ ӨСУІ ЖӨНІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҰЛТТЫҚ ЕСЕБІНІҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯ

2019 ж. 14 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  Статистика комитеті және «Green Academy» ғылыми-білім беру ортaлығы ЭЫДҰ қолдауымен Қазақстан Республикасының Жасыл өсуi жөніндегі алғашқы ұлттық есебінің презентациясын өткізді.

         ЭЫДҰ әдіснамасын қолдану арқылы жасалған Есеп Қазақстанның жасыл өсуі жөніндегі ақпараттық есебі болып табылады, әрі қоғамның, мемлекеттік органдардың, сонымен қатар шешім қабылдаушы тұлғалардың елдің жасыл өсуге жету барысы туралы ақпараттылық деңгейін арттыруға арналған.

         Іс-шараның жұмысын төмендегі тұлғалар алғы сөзбен ашты: Г.М. Керимханова – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Төрағасының орынбасары, А.Л. Шалабекова – ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің Директоры,  Ж-Ф. Ленгель – жобаның ЭЫДҰ координаторы. ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Green Academy» ҒБО Директоры Б.К.Есекина іс-шараның Модераторы болды.

         Спикерлер ретінде келесілер қатысты: А.С. Шауенова – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының басшысы, Б.К. Есекина – ҚР Президентінің жанындағы жасыл экономикаға көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Green Academy» ғылыми-білім орталығының директоры, э.ғ.д., проф., А.С. Жайсаңбай – ҚР ЭГТРМ Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті Тұрмыстық қатты қалдықтар басқармасының басшысы, Д.Г.Сагадиев – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды басқармасының басшысының міндетін атқарушы.

         Іс-шара жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ҰЭМ, ҚР ЭГТРМ, ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, ҚР ІІМ, ҚР ДСМ, Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігі, БҰҰДБ, АДБ, «QazTrade» Сауда саясатының даму орталығы, «Қазгидромет» РМҚК, ЖШС «Қазгеоинформ» өкілдері, сондай-ақ Л.Н.Гумилева атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетнің өкілдері және басқалар қатысты.

Close Menu