«Қазақстан-Украина» Бірінші Климаттық диалогының нәтижелері

2021 жылғы 25-26 мамырдаҚазақстан мен Украина жариялаған көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша амбициялары аясында Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің бастамасымен және Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, БҰҰДБ, «Жасыл академия» ҒБО (Қазақстан) және ШЕКОА ҮЕҰ климаттық желісінің (CAN EECCA) қолдауымен ұйымдастырылған «COP-26 қарсаңында: көміртексіздендіру және экономикалық тетіктер» тақырыбында  «Қазақстан-Украина» Бірінші Климаттық диалогы өтті.

Іс-шара телекөпір форматында екі офлайн алаңында (Нұр-Сұлтандағы М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және Киевтегі «Парковый» халықаралық конгрессөрмелік орталығы) және ZOOM платформасында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия Климаттық желісінің 100-ден астам мүшелері мен қоғам өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жүйесінің 50 ҮЕҰ-ның қатысуымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан мен Украина Үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, ЕС, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк) өкілдері, экологиялық белсенділер мен ҮЕҰ, академиялық институттар, университеттер, екі елдің климат саласындағы сарапшылары мен бизнес құрылымдар өкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторлары ретінде ШЕКОА елдерінің климат бойынша ҮЕҰ желісінің (CAN EECCA) мүшелері – ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры Бахыт Есекина және CAN EECCA үйлестірушісі Ольга Бойко болды.

Диалогты салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев ашты. Іс-шараның ашылуында Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ирина Ставчук, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Ольга Булавкина, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ЕО-тың Қазақстандағы делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш құттықтау сөз сөйледі.

Бірінші күннің тақырыбы көміртексіздендірудің экономикалық құралдарын қарастыруға арналды. Аталған тақырыптың аясында шығарындыларды азайту саласындағы жаңартылған ұлттық салымдарды әзірлеу (Джейн Эбингер, WB), экономиканы көміртексіздендіруді қолдау саласы бойынша ынтымақтастық  бағыттары (Куми Китамури, ЭЫДҰ Жасыл өсу және жаһандық қатынастар департаментінің басшысы), ҚР экономикасын көміртексіздендіру сценарийлері (Йоханнес Шухманн, GIZ), Қазақстанның көмір энергетикасын көміртексіздендіру ерекшеліктері (Сәуле Сағынтаева,  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры), кешенді стратегияларды әзірлеудің пәнаралық ғылыми негіздері (Сергей Шульженко,  Украина Ұлттық ғылыми академиясының Жалпы энергетика институты директорының орынбасары), шекаралық көміртекті реттеу бойынша ұсыныстар (Михаил Юлкин, Энергия тиімділігі жөніндегі ЮНЕСКО сарапшысы, «CARBON Lab» бас директоры), климаттық және экологиялық бастамаларды қолдау (Арман Перзадаев, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің проректоры) мәселелері талқыланды.

Форумның бірінші күні төмен көміртекті технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюмен аяқталды:  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен Украина Ұлттық ғылыми академиясының Жалпы энергетика институты; Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТмИЖО) – «GREENCUBATOR» компаниясы (Украина), ШЕКОА ҮЕҰ климаттық желісі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (Қазақстан) арасында.

Форумның екінші күні де мазмұнды болды. Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов, Финляндияның Климат жөніндегі елшісі Ян Вахлберг, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зүлфия Сүлейменова, БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілдерінің орынбасарлары:  Қазақстандағы – Виталий Времиш және Украинадағы – Манал Фоуани құттықтау сөздерін сөйледі.

 Манал Фоуани ханым атап өткендей, БҰҰДБ елдердің Глазгодағы COP26 қатысуына дейін идеялар алмасуды жеңілдету және шығарындыларды азайтуға арналған ұлттық анықталатын үлестерді шолу үшін диалог жүргізу идеясын қолдайды.

          Екінші күннің тақырыбы төмен көміртекті даму үшін қалалық энергия тиімділігі мен инновацияларға арналды. Қатысушылар төмен көміртекті дамуды ынталандыруды шараларын, соның ішінде  Украинада Мэрлер келісімінің 2-ші кезеңінің жүзеге асырылуы (Оксана Кисиль, Украинадағы «Мэрлер келісімі» Еуропалық бастамасының ұлттық сарапшысы), Қазақстандағы  БҰҰДБ-ның энергия тиімділігі жөніндегі жобаларының нәтижесін (Александр Белый, Қазақстандағы БҰҰДБ/ЖЭҚ жобаларының үйлестірушісі), жасыл бизнес-инкубатордың мүмкіндіктерін (Роман Зинченко, GREENCUBATOR, Украина), UNIDO жобаларын іске асыру бағыттарын (Сәуле Бишімбаева, ХЖТмИЖО, Қазақстан) талқылады.

Форум а.ж. маусым айында Бонн қаласында (Германия) өтетін БҰҰ КӨНК конференциясына арналған Бірінші Климаттық диалогтың резолюциясын қабылдаумен аяқталды. Климаттық диалогқа қатысушылар көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу үшін өз Үкіметтеріне энергетикалық секторды көміртексіздендіру бойынша іс-қимылды жігерілету және төмен көміртекті даму стратегияларын әзірлеу бойынша ұсыныстар қабылдады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Украинаның көміртекті қалаларын көміртексіздендіру бойынша арнайы кешенді бағдарлама әзірлеу және БҰҰ алдында есеп беруші Климат және энергияны үнемдеу жөніндегі арнайы агенттіктер құру ұсынылды. Бірінші Климаттық Диалог Қазақстан мен Украинада резонанс тудырды, БАҚ-та белсенді жарияланды. Форумға осы күндері БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериштің бастамасы бойынша мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен виртуалды форматта өндіру салалары мәселелері бойынша жаһандық дөңгелек үстел өткізу назар аударды.