Қазақстан Республикасында жасыл даму көрсеткіштерін енгізу және ЭЫДҰ жасыл өсу көрсеткіштерін егізінде Ұлттық есеп дайындау

2019 ж. 15 мамырда Нұр-Сұлтанқаласында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен
бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында жасыл даму көрсеткіштерін енгізу және ЭЫДҰ жасыл өсу көрсеткіштерін егізінде Ұлттық есеп дайындау» жобасы бойынша Жұмыс тобының ІІІ отырысы өтті.

Аталмыш жұмыстобының жұмысын ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Төрағасының орынбасары Г. Керимханова алғы сөзбен ашты.

Спикерлер ретінде келесілер сөзсөйледі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының Басшысы А.Шауенова, ЭЫДҰ Ұлттық сарапшысы, э.ғ.д., профессор, «Жасыл Академия» ҒББО Директоры Б.Есекина, ЭЫДҰ Халықаралық сарапшысы А.Исак.

Отырыстың жұмысы барысында ҚР министрліктері мен ведомстволарының басшылығы және қызметкерлері, ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары, БҰҰ ДБ, АДБ, GIZ, ҚР ҰЭМ Экономикалық зерттеулер Институтының өкілдері, сондай-ақ Үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің өкілдер қатысты.

III Жұмыс тобының қатысушылары жалпы мемлекеттік статистикалық зерттеулер жүйесіне бірқатар жасыл өсу көрсеткіштерін енгізу бойынша өткізілген іс-шараларды талқылап, ұлттық және халықаралық сарапшылар Статистика комитетімен бірлесеотырып дайындаған Қазақстандағы жасыл өсу жөніндегі Есептің ақтық нұсқасын мақұлдап, оны басып шығару туралы ұсыныс жасады.

Халықаралық сарапшы энергетикалық емес материалдардың қолдану өнімділігі бойынша экспериментті түрде жасалған есептеуді мақұлдады, сонымен қатар Статистика комитетіне биотикалық және абиотикалық материалдар тізімін кеңейту туралы ұсыныс жасады. «Жасыл Академия» ҒББО-мен ұсынылған табиғи ресурстар индексін есептеу методологиясы назарға алынып, аймақтардың табиғи ресурстарын қолдану мониторингін жасау кезінде қолдану туралы ұсыныс жасалды.