ҰСЫНЫМДАР

DIGITAL  HEALTH 2.0 Көрмесінің аясында FintechGood4 қолдауымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Тұрақты дамуға және шығарындылардың мониторингіне арналған Blockchain» тақырыбына өткен Семинардың қатысушылары, яғни Парламент өкілдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдардың- ЭСКАТО, USAID, МФЦА, ПРООН, Evercity, сондай-ақ АҚШ, Финляндии Елшіліктерінің өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, бизнес ассоциациялар мен үкіметік емес ұйымдар осы тақырыптың өзектілігін белгілей отырып, ҚР Президенті К.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылғы Жолдауын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұсынылған есептерді айта отырып,келесі ұсыныстарды қабылдады:

1. Париж климаттық келісімін жүзеге асыру және Қазақстанның аумақтық және қалалық деңгейінде парниктік газдар шығарындыларын азайту саласындағы ұлттық міндеттемелердің орындалуы парниктік газдар шығарындыларын басқару мен бақылауды жетілдіруге бағытталған жұмыс істеп тұрған өндірістерді цифрландыру саласындағы зерттеулерді қажет етеді.

2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік банк, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері шығарындылардың денсаулыққа, экожүйенің тұрақты дамуына және тұтастай алғанда қолайлы өмір сүру ортасына айтарлықтай зиян тигізетінін көрсетеді. Осыған байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, халықаралық ұйымдардың (ДБ, ЮСАИД, EPA және басқалар) қолдауымен шығарындылардың (аймақтың, қаланың, өнеркәсіптің) денсаулыққа әсерін зерттеуге бағытталған жобаны бастау ұсынылады.

3. Тиімді халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, цифрландыруға және төмен көміртекті дамуға көшу – жүйелік тәсілдемені қажет етеді, сондай-ақ, өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, көлік, орман алқаптарын кеңейту салаларында шығарындыларды азайту және декарбонизация бойынша кешенді шараларды қарастыратын біртұтас Стратегия әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті дамуына көшу Стратегиясын әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.

4. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, халықаралық ұйымдардың қолдауымен парниктік газдар шығарындыларын бақылау үшін электрондық платформа жасау ұсынылады.

5. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «Жасыл Академия» ҒБО-мен бірлесіп, АДБ, БҰҰДБ, ЭЫДҰ, GIZ және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен 2019-2021 жж.  төмен көміртекті даму және «жасыл» жоспарлау көрсеткіштерін пайдалану саласындағы мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған бағдарламалар әзірлеу және оны жүзеге асыру ұсынылады.