ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ СТРАТЕГИЯ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2018 жылғы 15 ақпанда Астана қаласы Әкімдігі «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Конрад Аденауэр атындағы Қордың Өкілдігі мен Қазақстандағы Азия даму банкінің қолдауымен «Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуінің әдіснамасы мен тетіктері» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты — Астана қаласының төмен көміртекті даму стратегиясының (АТКДС) әдіснамасын әзірлеу туралы жұртшылықты хабардар ету және Париж климаттық келісімі аясында іске асыру тетіктерін талқылау болды.

Іс-шараны «Жасыл Академия» ҒБО директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономика» Кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Есекина жүргізді.

Семинарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов ашты. Атап айтқанда, ол климаттың өзгеруі қаланың қалыпты өміріне үлкен қауіп тудыратынын атап өтті. Осыған орай, қала әкімдігі парниктік газдар мен қалдықтар шығарындыларын азайту, энергия тиімділігін арттыру және халыққа экологиялық білім беру үшін ұзақ мерзімді стратегиялық шаралар әзірлеу туралы шешім қабылдады. Әкімдіктің жанынан жұмысшы топтар құрылды, олардың әрқайсысында өз бағыттары бар, оның ішінде Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшуі туралы стратегиясын әзірлеу туралы. Қазіргі уақытта жұмыс топтары іске кірісті.

Сондай-ақ семинардың ашылуында Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зұлфыхар Жолдасов, Азия даму банкінің өкілі ҚР На Вон Ким, Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Президиумының мүшесі Салтанат Рахымбекова сөз сөйледі. Спикерлер Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшу шеңберінде қала үшін төмен көміртекті даму стратегияны әзірлеу, халықаралық ұйымдардың қаржылай және сараптамалық көмегі, шешімдермен жобаларға азаматтық қоғамның кеңінен қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар — орталық және жергілікті мемлекеттік органдарөкілдері, Астана қаласы әкімдігінің төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша Жұмысшы тобының мүшелері, халықаралық ұйымдар, бизнес, ҮЕҰ өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар -төмен көміртекті дамуға көшудіңзаманауи үрдістері мен тәсілдерімен танысты. Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруімен күрестің негізгі мақсаттары — қаланың көміртек әлеуетін бағалау үшін халықаралыққұралдарын бейімдеу және климаттық тәуекелдерді азайту үшін практикалық шараларды әзірлеу болып табылады.

Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық қаржыландыру, төмен көміртекті даму әдіснамасы мен блокчейн платформасында шығарындыларды реттеу бағыттары, төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеуге арналған экономикалық құралдар, ЕО қалаларының Әкімдер келісімінің көрсеткіштері туралы Азия даму банкі тұрақты даму және климат бойынша маманы Фредерик Асселайн, Жоғарғы экономика мектебі орталығының директоры Георгий Сафонов (Ресей Федерациясы), Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Томас Хельм, «OCTANTSp.zo.o» АҚ директоры Павел Виктор (Польша) презентация жасады.

Семинар нәтижесінде Астана қаласы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына Азия даму банкінің қолдауымен Астана қаласының төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясының әдіснамасын негіздеу үшін халықаралық және ұлттық сарапшылардан құралған сарапшылар тобын құру, қала маслихаты, Қоғамдық кеңесімен бірлесіп, Астана қаласының 2018-2021 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын талқылау үшін қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды.