МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ESG

2023 жылғы 17 ақпанда Теміртау қаласында ҚР ИИДМ, «Жасыл Академия» ҰОО, ЕО делегациясы АМТ қолдауымен ұйымдастырған «МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ESG» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушыларға – Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ЕҚДБ, DENA, ТМКҚ, AMT, Гумилев атындағы ЕҰУ, Сейфуллин атындағы ҚазАгро, КарИУ, ҒЗИ және университеттер, қоғамдық кеңестер мен Қарағанды облысының ҮЕҰ өкілдеріне – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Т. Б. Жолмағамбетов, Италияның ҚР-дағы Елшісі М. Альберти, ҚР ЭБЖМ экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры М. А. Ширанов құттықтау сөз сөйледі.

Кездесудің модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰБО директоры, доктор Есекина Б. К. болды.

Металлургиялық секторды декарбонизациялау мәселелері бойынша: Жәнібек Байдулла, «Самұрық-Қазына» АҚ ESG департаментінің директоры; Виктор Коваленко, EY серіктесі, Орталық Азиядағы, Кавказдағы және Украинадағы декарбонизация қызметтерінің басшысы; Кристина Маро Маркос, «ArcelorMittal» компаниясының экология және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бас менеджері; Паскаль Хадер-Вайнманн, Неміс энергетикалық агенттігінің (DENA) Стратегия және саясат мәселелері жөніндегі топ жетекшісі; Гүлназ Бисенова, АММК экология департаментінің директоры; Доктор Медет Жунусов, Nazarbayev Univeristy; Доктор Сейтғали Ғалиев, «Тау-Кен Технологиясы» ҒО директоры; Доктор Гүлмира Насырова, Гумилев атындағы ЕҰУ «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі; Доктор Баянды Диханбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» баяндама жасады.

Іс-шара соңында «АМТ-Теміртау» АҚ, «Жасыл Академия» ҰОО және КарИУ арасында декарбонизация технологияларын зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Іс-шараның қорытындысы бойынша әзірленіп, Үкіметке жіберу жоспарлануда

Іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу және Үкіметке жіберу жоспарлануда.

Фотосуреттерге сілтеме: https: / / cloud. mail. ru/public/HD3o / 4iSTyjucS

Іс-шараның бейнежазбасына сілтеме:

Презентацияларға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/dP4jepwcbCPWrw