Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі: су ресурстарын, жылынуды болжау және денсаулыққа әсері

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Орталық Азия университетімен бірлесе отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қауіпін азайту орталығының қолдауымен 2025 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында, ТЖТАҚАО конференц-залында келесі тақырыпта семинар өткізеді: «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі: су ресурстарын, жылынуды болжау және денсаулыққа әсері».

📅 Өтетін күні: 2025 жылғы 21 қазан

🕑 Уақыты: 9:30–14:30

📍 Өтетін орны: Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қауіпін азайту орталығының конференц-залы, Амангелді к-cі, 73 Алматы қ.

💬 Формат: Гибридті (офлайн/онлайн)

📝 Іс-шараның мақсаты – Орталық Азияның таулы аймақтарында климаттың өзгеруіне байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оның ішінде мұздықтардың жай-күйі, су ресурстары және табиғи қатерлердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару.

Семинарға академиялық зерттеушілер, жоғары оқу орындарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

📃 Бағдарлама жобасы: https://drive.google.com/…/1nDZG2sa0KG6u74lhllYxyRVA041…

🖥️ Онлайн қатысу үшін тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/GqsnjNxggxzAVTzk9

📞 Анықтама телефондары: +996 770 822 837, +7 701 938 9496

📧 Email: info@green-academy.kz

https://www.ucentralasia.org