«ҚР жаңа экономикалық саясаты: ұлттық экономиканы декарбонизациялау негiзiнде әртараптандыру» тақырыбында Панельдік Сессия

2022 жылғы 2 маусымда сағат 11:45-тен 13:30-ға дейін «Жасыл Академия» ҒБО-ғы Ұлттық экономика министрлiгi мен ЭЫДҰ SIPA жобасымен бірлесіп ECOJER Халықаралық конгресi аясында «ҚР жаңа экономикалық саясаты: ұлттық экономиканы декарбонизациялау негiзiнде әртараптандыру» тақырыбында гибридті форматта (online/ offline) панельдік сессия өткізеді. Сессияның мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясатының Тұжырымдамасын дайындау аясында ҚР 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясының негізгі бағыттарын талқылау. Барлық ниет білдірушілерді қатысуға немесе ZOOM арқылы сессияға қосылуға шақырамыз. Сессияға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://ecojer.techno-light.kz/event.php?id=10